Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Түркия Еуроодақты босқындар келісімінен шығам деп қорқытты

Түрік тарапының пікірі бойынша, Еуропалық одақпен визасыз жүйе енгізу босқындар туралы келісімнің бір тармағы саналады және ол тез арада орындалуы тиіс.

ЕО болса Анкара визаны алып тастау шарттарының барлығын орындамады деп отыр. Солардың бірі – террорға қарсы заңдарға өзгерістер енгізу. ЕО пікірінше, Түркия билігі бұл заңдарды саяси бақталастарымен күресте пайдаланып отыр.

Брюссель мен Анкара арасындағы келісім бойынша, Грекия жағалауларына жеткен барлық босқындар Түркияға кері қайтарылуы тиіс. Соған сәйкес, ЕО әрбір заңсыз босқынның орнына түрік аумағындағы бір сириялық босқынды қабылдауға міндетті.

Бұған қоса, Брюссель босқындардың қажеттілігіне 6 млрд евро беруге келісіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз