Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
3
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Түркия АҚШ вице-президентінің елге келуін күтеді

АҚШ әділет министрлігінің Байден бастаған делегациясы 22 тамызда Түркияға барады. Одан соң түрік делегациясы Құрама Штаттарға аттанады.

Қазан айында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Түркияға сапарлайды деп жоспарланған. Түрік премьері америкалық тараптың Гүленді экстрадициялауға қатысты шешімі екі ел арасын жақындастырады деп мәлімдеді.

Түркияда 16 шілдедегі сәтсіз аяқталған әскери төңкерістен соң 20 мыңнан астам адам ұсталып, 80 мың мемлекеттік, полиция және әскер қызметкері жұмыстан шығарылды. Олардың барлығы да қазір АҚШ-та тұратын Гүленмен байланысы бар деп айыпталды. Тамыздың басында түрік билігі оны қамауға ордер берді.

Дін уағыздаушысы тәуелсіз сот оның кінәсін дәлелдеген жағдайда ғана түрік билігіне өз еркімен берілетінін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз