Танымал ресейлік балерина Анастасия Волочкова Астанадан Қарағандыға бара жатқан жолды боранда қалып кеткен.
Астанадан Қарағандыға концертке барар жолда Анастасия Волочкова тас жолда тұрып қалды, бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасына жазған.
“Бұл экстрим болды. Қатты қорқып кеттік. Қақаған аязда қатып қалдық, біздің актерлер көлікті итерді. Біз қиыншылыққа мойыған жоқпыз. Бірақ бұл үрей туғызатын алапат боран болды. 8 сағат жүрдік. Қызық жайтсыз өмір сұрықсыз ғой. Бірақ бүгін Астанадан Қарағандыға барар жолда шынымен де қорқынышты болды. Автобанды қар басып қалып, спектакльге төте жолмен баруға тура келді. Боран соғып, қар бұрқасындатып, жолды ақ түтек басып, тұман болды. Көліктің терезесінен қар мен бораннан басқа ештеңе көрінбейді. Осылайша біз өзге бірнеше көліктермен бірге жарты жолда тұралап, қалып қойдық. Шығар жолы жоқ секілді бір тұйықта… Бұл өте қорқынышты және суық болды”, — деп жазды Волочкова өзінің аккаунтында.
Сөйтіп сұлу бикеш Қарағандының қорқынышты ызғарлы аязын түсірген видеоны өз парақшасына жүктеген. Бір тәулікте оны 40 мыңнан астам адам қарап үлгерген.