Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сұрауы жоқ депозиттер зейнетақы шоттарында орналасады

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға бағытталған заңға қол қойды. Жаңа түзетулердің ішінде – тарау процесіндегі банктердің салымшылары үшін кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібін оңайлату көзделген. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында (ҚДКБҚ) халықты қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.

Электрондық өтініштер

Қазіргі таңда лицензиясынан айырылған банктің салымшылары өз депозиттерінен қаражат алу үшін төлемдерді жүзеге асыратын агент банкке жүгінуі тиіс. Ол үшін банк бөлімшесіне барып, тиісті өтініш жазу керек. Енді өтінімді тікелей ҚДКБҚ арқылы электрондық нысанда беруге болады. Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі 2021 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді.

“Мұндай мүмкіндік “Tengri Bank” АҚ салымшыларында, сондай-ақ қазіргі уақытта тарату процесінде тұрған банктердің салымшыларында (“Валют-Транзит Банк” АҚ, “Қазинвестбанк” АҚ, “Delta Bank” АҚ, “Qazaq Banki” АҚ, “Қазақстан Эксимбанкі” АҚ және “Астана Банкі” АҚ) болады. 2021 жылғы 1 мамырдан бастап агент-банкке төлем үшін әлі өтініш жасамаған 450 мыңнан астам салымшы кепілдік берілген өтемді онлайн алуға өтініш бере алады”, – деп атап өтті ҚДКБҚ-да.

Дәстүрлі әдіс те күшінде қалады. Бұдан басқа, агент-банктің бөлімшелері арқылы үшінші тұлғалар (мұрагерлер, сенімхат бойынша өкілдер және өзге құқық иеленушілер) өтініш жасай алады.

Кепілдік берілген өтемді төлеуге өтінішті ҚДКБҚ төлем басталған күннен бастап бір жыл ішінде қабылдайтын болады.

“Кепілдік берілген өтемді төлеуге өтінішті онлайн беру қолданыстағы тәртіпті жеңілдетеді және салымшылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, төлем алуды оңайлатады. Бұл олардың уақытын үнемдеуге, агент-банк бөлімшесіне дейінгі жол жүру шығындарын қысқартуға және төлемдердің алғашқы күндерінде адамдардың жаппай жиналуын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде өзекті”, – деп атап өтті ҚДКБҚ.

БЖЗҚ-ға автоматты аударымдар

Көбінесе лицензиясы жоқ банктердің клиенттері өз ақшаларын алмайды, әсіресе қаражат аз мөлшерде болса. Мысалы, 2020 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша төлемдер екі жылдан бері жүргізіліп келетініне қарамастан, Qazaq Banki салымшыларының тек үштен бірі өтеуге өтініш берді. Бірақ бұл 67% міндеттемелер бойынша тек 1% сома. Яғни, аздаған қаражат үшін көбі басын қатырғысы келмейді.

Осылайша, ақша агент банктерде тұрып қалады. Бұл жағдайдан шығу жолы табылды: салымшылардың талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомалары олардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылатын болады.

“Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін 30 жұмыс күні бұрын ҚДКБҚ салымшыларды БАҚ және өз сайты арқылы төлемдердің аяқталу күні және салымшылар 1 жыл ішінде талап етпеген кепілдік берілген өтем сомаларын БЖЗҚ-ға аудару туралы хабардар етеді”, – деп атап өтті қорда.

Осылайша, салымшылардың ақшасы жоғалмайды, олар оның зейнетақы шотына түседі. Бұл ретте барлығы автоматты түрде жүргізіледі – шоттар автоматты түрде ашылады, бұл үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ.

“Төлем басталған күннен бастап 1 жыл ішінде немесе 2022 жылғы 1 мамырға дейін дәлелді себептер бойынша өтем алуға өтініш бере алмаған салымшылар үшін ҚДКБҚ-ға растайтын құжаттары бар жазбаша өтініш беру арқылы кепілдік берілген өтемді алу құқығы сақталады. Дәлелді себептердің тізбесі тікелей “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы” заңда көзделген, — деп атап көрсетеді ҚДКБҚ-да.

Шетелдік банктердегі кепілдік

Үшінші жаңалық — іс жүзінде ҚДКБҚ қызметін кеңейту. Енді қор жеке тұлғалардың депозиттерін және шетелдік банктердің филиалдарын қорғайтын болады.

“Қазақстан аумағында ашылатын шетелдік банктердің филиалдары депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болады. Осылайша, шетелдік банктердің филиалдарындағы азаматтардың депозиттеріне ҚДКБҚ кепілдік береді”, – деп атап өтті қорда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз