Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Сыра ішіп, секс іздейді». Журналист құрбым қалай бұзылды?

1790

Сөйтіп жүріп, Таугүл ықшамауданынан 4 бөлмелі пәтер алды. Қыз бен ұлдары бар. 12 жыл отасқаннан кейінгі жылдары отбасында үлкен өзгерістер басталды.

Сымбат күйеуінің басқа отбасы бар екенін білді

Ұланның жас әйелі, одан екі ұлы өсіп жатыр екен. Тоқалына пәтер, көлік алып берген. Бұған дейін құпия сақтап келген екінші отбасын, Ұлан енді жасырған жоқ. Сен де менің балаларымның анасысың, мына төрт бөлме сенікі деді. Сымбатқа да жол талғамайтын мықты көлік әперді. Ал Сымбат бұл жаңалықты көтере алмады. Ұланмен ешқашан ажыраспайтынын айтты. Бірақ,

жұмыстан кейін күнде сыра ішетінді шығарды. Ұлан үйге апталап бас сұқпайтын, оған еті үйренді. Қызғаныштан Сымбаттың көңілі орын таба алмады.

Өзі журналист болып істейтін келіншек қызмет бабымен әкімшіліктегі қызметкер, Ернат деген жігітпен танысты. Бірнеше бөтелке сырадан кейін масайрап қалған келіншек Ернатпен саунаға барды.

Сол күннен бастап Сымбат үшін қыдыру, жүріс басталды. Сыраға бөгіп алып, жанына мені ертіп екеуіміз түнгі клубтардан шықпайтын болдық. Біреулермен танысып, соның құшағында кете баратын. Ондай кезде мені тыңдамайтын. Мен құрбысы болған соң, оның қауіпсіздігін бақылап, тастап кете алмай, әйтеуір еріп жүретінмін.

Бір күні сондай түнгі клубтың бірінен шығып, такси ұстадық. Ақ көлік келіп тоқтады. Жасы отыздардағы бір жігіт отыр екен. Апарып тастауға келісті. Алдыңғы орындықта отырған Сымбат әлгімен тез тіл табысып, бірден қонақ үйге бұрылдық. Үшеуіміз бір бөлмеге кірдік. Мен қайтайын десем, Сымбат «мені тастап кетсең, адам емессің, сен қандай құрбысың» деп әдеттегі жырына басады.

Жіпсіз байланып, әлгі бейтаныс таксист пен Сымбаттың төсек қатынасын естіп жатуға мәжбүр болдым.

Тағы бірде әлгі әкімшіліктегі танысы жанына досын ертіп, төртеуіміз саунаға бардық. Сымбат пен әкімшіліктегі жігіт екеуі киімдерін сыпырып тастап төсенішті орап алып, сыра ішті. Хауызға түсті. Сөйтіп, жатын бөлмеге кіріп кеткелі қашан.

Ал әлгі жанындағы досы бір сапы сыра ішкен соң, мені әурелей бастады. «Шешінсейші», «өстіп отырамыз ба, демалайық та», «онда тұрған не бар», деді де мені отырған диванға атып ұрды.

Қарсыласып, бұлқынып жатып, әлгінің шабының ортасынан тіземмен бір тептім. Сөйтіп, есікке қарай жүгірдім. Қыстың күні болатын, киімдерімді іле далаға атып шығып, жолға қарай жүгірдім. Такси ұстай салып, үйге қарай бірақ тарттым.

Түннің бір уағында Сымбат қоңырау шалып, «Гүлнұр, мені алып кетші» дейді. Такси ұстап, айтқан жеріне келдім. Саунадан кейін әлгілер пәтер жалдаған екен. Пәтерде Сымбат жалғыз. Мені көріп, жылап жіберді. Кешегі, түні бойы ішкен сыраның, шеккен темекісінің иісі қолқаны жарады. Еркектер аяй ма? Оның үстіне, удай мас әйелді. Сымбатты екеуі де барынша пайдаланып, істемегенді істеп кеткенге ұқсайды. Жүрегім айныды, бір жағынан құрбыма жаным ашыды, енді бір жағынан жыным да келді. Мені өзге бір еркектің, танымайтын адамның астына салып бермек болғаны үшін.

Менен кешірім сұрайды. Әрине, үйіне жеткізіп салдым. Енді ойға шомып жатырмын. Мүмкін, әдейі жасамаған болар? Мастықтың буымен не істегенін білмейтін болар деп ақтаймын. Не ренжірімді, не кешірерімді білмеймін. Қайтсем екен? Сіздер не дейсіздер?

Жалғасы бар…

Гүлнұр
https://kaz.365info.kz/syra-iship-seks-izdejdi-angimenin-zhalgasy-bar-edi-286248

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз