Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сыр өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен танымдық экспедициясы болып өтті

Жанқожа батыр кесенесінен кейінгі Ассамблея мүшелерінің табан тіреген жері жері Жанкент қалашығы болды.

Бұл қаланың да тарихы тереңде жатыр. Бір кездері әйгілі Оғыз мемлекетінің елордасы болған шаһардың аумағы қазір 20 гектар. Егіншілік пен сауда-саттығы өркендеген қаланың қалыптасуынан рулық қауымдастық емес, урбанизация үдерісі байқалады.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ ғылыми қызметкері Сейдәлі Біләловтің айтуынша, қалашықтағы аршылған үлкен ғимараттан 20-ға жуық үйдің орны ашылған.

“Әр үйдің ортасында міндетті түрде ашық ошақ болады. Қалашықтың соңғы өмір сүрген уақытында қалашық ислам дінін қабылдаған деп те айтуға болады. Шыны керек көптеп кездесіп жатыр. «Мұхаммед» деген жазуы бар жүзіктер шықты, арабша жазуы бар бірнеше ыдыстың қалдықтары шықты. Оған қосымша табылған тиындардан қалашықтың соңғы өмір сүрген кезеңі X ғасыр екенін анықтап отырмыз”, – дейді өз кезегінде Сейдәлі Біләлов. 

Кейінгі кезекті экспедиция мүшелері шығыс жастарының көшбасшысы болған Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейіне де бас сұқты. Биыл 115 жылдығы атап өтілген Орта Азия жастар қозғалысының ұйымдастырушының өмір дерегі қатысушылардың таңданысын туғызды. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінен жиналған топ, сондай-ақ ұлы ойшыл Қорқыт атаға арнап салынған мемориалдық кешенге барып, жырау-қобызшының рухани болмысына қанықты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық түрік этномәдени орталығының төрайымы Гүлчин Гейдарованың айтуынша облыстағы этномәдени орталықтардың мүшелері Түркістанға, Арыстанға барып,  экспедицияның барлық кезеңдеріне қатысқан.

“Экспедицияның екінші кезеңінде біз түркілердің тарихы, оғыздардың тарихы, түбі бір түркі қазақ елінің тарихи ескі қалашықтарға барып қайттық. Әсеріміз өте жақсы. Бұл біздің еліміздің тарихы біздің жастарға үлгі, жастар ел тарихын білу керек. Тарих тағылымы арқылы болашаққа деген даму тетігін табу – бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегі болмақ. Түрлі этнос өкілдерінің танымдық саяхаттан түйгені осы болды”, – деді өз сөзінде Гүлчин Гейдарова. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз