Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Сыр өңірінде 300-ден аса білім беру және денсаулық сақтау нысандары салынды

Соңғы 25 жылда аймақта «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Қазақ-түрік лицейі», дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, тәжірибесі білім беру жүйесінің барлығына таралатын инновациялық мектептердің дербес желісі құрылды.

Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қарқынды дамудың жарқын үлгісі болды. Аймақтағы балабақшалардың 65 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейді. 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтылып, «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды.

2014 жылы үш ауысымдағы білім беру жүйесі жойылып, апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толықтай шешілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз