Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Сұмдық қой!”. Оңтүстікте зиратты су шайып, марқұмдардың сүйектері өзенге ағып жатыр (видео)

Ескі зираттың бір бөлігін су шайған. Түймебай Базаров құдашасының мәйітін немере шөберелері уақыт өте таппай қала ма деп қорқады.

Ескі зираттың бір бөлігін су шайып кеткен. Ал ол суды қарияның айтуынша, Тоғыс, Елтай, Қаратас, Сайрам ауылдарының тұрғындары пайдаланып отыр.

Зертас ауылының әкімдігі зираттағы жағдайдан хабардар. Қандай да бір жұмыс атқаруға аудандағы басшылардың қаржы бөлгенін күтіп отыр. Ал ауылдықтар шара тез арада қолданылмаса, зиратты су шайып кететінін айтуда.

«Бұл мәселе біздің назарымызда. Ол жерге көктемде ағаш отырғызып, аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына хат жолдап, бетондауды және судың арнасын бұруды сұранып отырмыз», – дейді Төлеби ауданы Зертас ауылы әкімінің орынбасары Ерлан Сапаров.

 

Дереккөз: Stan.kz 

 

https://youtu.be/iY-1Odoiwls

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз