Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сұмдық! Қарағандыда тісін емдетуге барған оқушы қыз ажал құшты

Туғанынан сал ауруына шалдыққан Жансая өз аяғымен кіріп, бас-аяғы жарты сағатта жан тапсырған жер – дәл осы клиника. Ал мына кадрларда тіс дәрігерлерінің 13 жасар қызды аман алып қаламыз деп арпалысып жатқан сәті көрсетілген. Сәтбаев қаласынан Қарағандыға тісін емдетуге келген ол дәрігерлердің берген наркозынан кейін оянбапты.

Мағжан Омаров, Жансаяның әкесі:

-Ішіне кірсек, бала жерде жатыр. Астында кішкене жаялық. Бетон еденде жатыр. Жолдасымыз екеуміз көтеріп, төсекке жатқыздық. Бірақ бәрі кеш еді. Бала өліп кеткен.

Жансаяның әкесі адвокат жалдап, содан бері Қарағанды мен Сәтбаевтың арасында әлі сабылып жүр. Айтуынша, іс қозғалғанымен тергеушілер бірнеше рет ауысқан. Сараптама да қайта-қайта тағайындалыпты. Негізі, дәрігерлердің қателігін дәлелденген дейді адвокаты.

Төлеубай Мусин, адвокат:

-Реакция бола ма балаға, оған қарамаған. Ол жағын тексермеген. Баласын өлтіріп қолына беріп қоя берді. Содан кейін адам құсап кешірім де сұрамай, адамның көңілін таптап тастаған.

Алайда клиника кешірім сұрамақ түгілі, өздерін судан ақ, сүттен тазамыз деп отыр. Бала өлімінен кейін әкімшілік жазаға тартылғандарын да қинала айтты. Өйткені, сол кезде емхананың анестезия жүргізуге рұқсаты болмаған екен.

Ерлан Анашбаев, тіс емханасының директоры:

-Бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Наркоз салуға лицензияның керек екенін де білмеппіз. Кейін алдық. Бірақ жеке-жеке 3 дәріге аллергиясы болмаған. Оларды қосқан кезде ғана осындай реакция беріп отыр. Қолдан келгенше жедел көмекті де көрсеттік.

Тергеушілер алғашқы сараптама қорытынысымен арызданушы жақ келіспегендіктен, істің қаралу мерзімі ұзарып отыр дейді. Енді Алматыда жүріп жатқан кешенді медициналық сараптама қортындысын күту керек екен. Ал шағымданушылар тергеушілердің сөзін жоққа шығарды. Осындай, негізсіз сылтаумен, істің сағызша созылғанынан мезі болдық дейді олар. Кінәлілер тіпті жазадан сытылып кете ме деп те алаңдаулы.

Дереккөз: ktk.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз