«Астана» шабуылшысы Патрик Твумасидің болып қалуы ықтимал трансферіне қатысты жағдай өзгерді, деп хабарлайды Sports.kz.
Bursasporx.com мәліметінше, 23 жастағы форвардқа түрік «Бурсаспорасынан» басқа Жапония клубының көзі түскен.
Басылымның жазуынша, олар «Астанаға» ұсыныс жасаған, Твумаси үшін 2,5 милллион доллар төлеуге әзір екендіктерін білдірген.
Bursa.com сайтының хабарлауынша, қазақстандық клуб футболшы үшін 3 миллион сұрап отыр, алайда бастапқыда оны 2 миллионға сатпақ болған.