Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Сұмдық-ай…”. Ақтөбеде 52 адам тірідей жанып, мерт болды

276

Төтенше жағдай бүгін Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да орын алды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып тұрған автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.

«Оқиға орнына екі өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Оның құрамында 8 адам және 2 техника бар. Төтенше жағдай департаментінде облыс әкімі орынбасарының басшылығымен шұғыл штаб құрылды. Зардап шеккендермен психологтар, дәрігерлер, полицейлер және құтқарушылар жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Көз жұмғандардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз