Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Сүйіктісі сатып кетті”. Бақытбек Есентаевтың қызы мен қарындасы елден көмек сұрап жатыр

Біздің сіздерге жүгініп отырған себебіміз бар. Өмірде кез келген адамды сүйіктісінің сатып кетуі ықтимал. Өз кезегінде, сол жағдай қалыпты өмір ағысын бұзып, болған нәрсенің күлін бір сәтте көкке ұшыруы мүмкін. Ешкім де опасыздықтан 100 пайыз сақтандырылмаған, одан келген қайғының да жүгі өте ауыр”, – деп жазылған петиция мәтінінде.

Петиция авторлары Бақытбек Есентаевта өз әйелінің өмірі мен денсаулығына залал келтіру туралы арам ойы болмағанын алға тартады. Олар оны осы әрекетке  итермелеген аффект жағдайын есепке алу керек деп есептейді.

Айсәуле Бақытбек өз оқырмандарына аталған петицияға қалай қол қою керектігін түсіндіріп бағуда. Ол көпшіліктен әкесінің тағдырын жеңілдетуге көмек сұрайды.

“Қымбатты достарым, сіздерден әкемнің тағдырын жеңілдетуге көмек берулеріңізді сұраймын. Сілтеме парақшамда тұр. Суретте оған қалай қол қоюға болатынын көруге болады.

P.S. менің бұл жазбамды анама қарсы әрекет деп түсінбеулеріңізді өтінемін, мен ата-анамды бірдей жақсы көремін”, – деп жазады ол.

Нағима Есентаеваның айтуынша, қазіргі таңда петицияға қосылғандар саны артуда. Алайда оған қол қою жолын түсінбеушілер көп екен.

“Қол ақырындап жиналып жатыр. Бірақ қол қою жолы қиындау. Көпшілігі, петицияға қосылудың жолын түсінбей жатқандарын айтуда”, – деді Нағима Есентаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз