Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Сені мектеп бітірген соң, аламын» деп алдап кетті…

522

Оның сөздеріне сеніп, беріліп қалдым. Көліктің артқы орындығына бірге жатып, жыныстық қатынасқа түстік. Сосын бұл жағдай әдетке айналды. Сөйтіп жүріп екіқабат болып қалғанымды білдім. Оны мұғалімдер де білді. Директор апай шақырып алып, ақша жинап берейік, баланы алдырып таста, деп ұрысты. Түсінікті ғой. Мектебінде оқушы қыз жүкті болып қалғанының жауапкершілігінен қорықса керек. Басым қатып жүргенде әлгі жігітім әйелін алды да, қалаға қашып кетті. Бір рет телефонмен сөйлесіп едім «Басымды қатырма. Сен тағы басқа біреумен жатқан шығарсың. Менен аулақ жүр. Саған жасың келмей, етегіңді көтер деген ешкім жоқ», деп басын ала қашты.

Не істерімді білмедім. Өзіме қол сала алмадым. Баланы алдырып тастамақ болғанымда анам ара түсті.

«Болар іс болды. Қарабет атандың ба, атандың. Енді бәріне көн. Алланың берген дүниесі ғой, обал жасамайық», деді. Анамның айтқанына көндім.

Мені мектептен шығарып тастады. Қазір ай-күнім жақындап қалды. Әне-міне, 15-жасар ана атанамын. Мұны неге жазып отырмын? Қазір кәмелетке толмай жүкті болып жатқандар көп. Көбі алданып қалғандар. Соларға сабақ болсын деймін».

Айдана осылай дейді. Ал Еркін секілді жігіттер жас қыздарды осылай қорлап, тайраң басып жүре бере ме?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз