Атышулы “Қалаулым” жобасында бұрындары арасы үзілген қос ғашық қайта қосылды. Жігітіне алданып қалған балалы бойжеткен бағдарламадан өмірлік серік іздеп таппақ болғанда, оған үміткер ретінде ұлының әкесі келген.
Ер адам өз қателігін түсініп, сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Соған орай, жобаның бүгінгі шығарылымы қос ғашықтың үйлену тойына арналған
“Қалаулым” бағдарламасы қауышқан қос ғашықтың қуанышы үшін өзінің кезекті шығарылымын арнаған. Жоба қатысушылары мен отандық жұлдыздар тікелей эфирде шынайы үйлену тойын атап өткен.
«Жамбылдікімін…». Сүйген қызын жүкті қып тастап кеткен жігіт «Қалаулымға» келді (видео)
Мерекелік шараның жүргізушілері болып бағдарламаның қатысушылары қос Бауыржан тағайындалған.
Сонымен қатар тойға эстрада әншілері Нұрлан Еспанов, Өмірқұл Айниязов, Мұхтар Ханзада, Ислам қатысып, әннен шашу шашты.
Баласы мен сүйіктісіне қайта оралған Нұрболат Ақеркеге арнап ән шырқады.
Нұрболат пен Ақеркеге арнап “Cosmo” наубайханасы торт пісірген.
Дереккөз: Nur.kz.