Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-14
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады: Алматы тәжірибесі

513
Фото: «Хабар 24»

Аралық қорытындылар

2019 жылдың сегіз айында 115 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, деп хабарлады брифингте қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Данияр Таумұрат. Оның айтуынша, тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға өсті.

48 қылмыс парақорлықпен, 27 – ұрлықпен, 20 – қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланумен, 31 – денсаулық сақтау, қала құрылысы, ТКШ, мемлекеттік кіріс және шағын және орта бизнес салаларында лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуы фактілерімен байланысты. Нәтижесінде 29 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың жеті фактісі (құқық қорғау және басқа органдарда) және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың бес фактісі, сондай-ақ денсаулық сақтау және құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында тоғыз заңбұзушылық тіркелді.

Сотқа 125 қылмыстық іс жетті, әртүрлі деңгейдегі тоғыз басшыны қоса алғанда, жауапкершілікке 18 адам тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай колл-орталығы (1424) да маңызды рөл атқарады. Аталған кезеңде оған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 59 өтініш келіп түсті, олар бойынша бес қылмыстық іс қозғалды, тағы 13 іс бойынша тексерулер тағайындалды. Адамдар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан пара бопсалау және заңсыз сыйақы беру туралы хабарлаған.

Өтініштері тергеу нәтижелерімен және сот үкімдерімен расталған алты азамат мемлекеттен сыйақы алды – олардың жалпы мөлшері 1,06 млн теңгені құрады.

Озуға талпыныс

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – жедел әрекет ету үшін азаматтармен өзара іс-қимыл тетіктерін енгізу. Осы мақсатта “қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы” пилоттық жобасы іске қосылды. Картаға барлық мемлекеттік мекемелер, соның ішінде мектептер мен емханалар енгізілген. Барлық ұйымдар өз бюджеті туралы мәліметтерді ұсынады деп жоспарлануда. Бұл ақпаратты әрбір азамат ала алады. Мұндай карта Нұр-Сұлтанда табысты жұмыс істейді.

Азаматтармен қарым-қатынасқа ыңғайлы болу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық танымал әлеуметтік желілерде парақшалар ашты. Осы аккаунттардың көмегімен Алматы тұрғындары мен қонақтары материалдарды ыңғайлы және үйреншікті түрде жібере алады.

Блогерларден, қоғам қайраткерлерінен және қала өміріне бей-жай қарамайтын тұрғындарынан тұратын арнайы мониторингтік топтың жұмысы оң бағаланады. Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын қадағалайды және түзетулер туралы ұсыныстар енгізеді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен тікелей айналысады. Мысалы, тамыз айының ортасында комиссия магистратураға түсу үшін тест тапсыру барысында көптеген заңбұзушылықтарды анықтады.

Елбасы бастамашылық еткен “Алматы – адалдық алаңы” жобасы бірнеше маңызды бастамалармен атап өтілді. Мәселен, “жедел жәрдем” автокәсіпорны мен “жедел” кәсіпорны бір-бірінің функцияларын қайталайтыны анықталды. Нәтижесінде екі ұйым бір ұйымға біріктірілді, бұл бюджет қаражатын үнемдеуге және кезек күттірмейтін жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, медицина мекемелері директорларының 40-қа жуық орынбасарлары лауазымы жойылды. Нәтижесінде 116 млн теңге үнемделді.

“Осал” тұстар

Ағымдағы жағдайды анықтуа үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайына мониторинг жүргізу бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді. Сауалнаманы 7 284 респондент толтырды, оның 1 800-і — шағын және орта бизнес өкілдері. Қазақстандықтар оптимистік күйге ие: сауалнамаға қатысқандардың 54,4% соңғы жылы сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны төмендегеніне сенімді.

Респонденттердің 77%-дан астамы 12 айдың ішінде мемлекеттік органдарға жүгінген, бұл ретте 13,4% проблеманы формальды емес жолмен шешу қажеттілігіне тап болды. Сыбайлас жемқорлық жағдайларының 60%-ы емханалар мен ауруханаларда, полицияда, жер қатынастары және қала құрылысы басқармаларында, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалар мен ЖОО-да орын алған. Көбінесе “келісуді” төменгі дәрежелі мамандармен (34,2%), бөлім басшыларымен (17%) және бас мамандармен (15,9%) жүргізуге тура келеді.

Атап айтқанда, Алматыда жағдайдың 15%-ы салықтарды өтеу бойынша бейресми мәмілелерге, тағы 13,3%-ы құрылысқа жер рәсімдеу бойынша мәмілелерге тиесілі.

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының басты себептері:

• емдеу, дәрігердің қабылдауы;
• жұмысқа орналасу;
• жер учаскесін алу немесе ресімдеу;
• балабақшаға орын алу;
• ЖҚЕ бұзу;
• әскерден қалдыру немесе әскери билет алу;
• айыппұлды өтеу;
• медициналық анықтама алу;
• бала тууына байланысты жәрдемақы тағайындау;
• жоғары оқу орнына түсу және грант алу.

Жалпы алғанда, респонденттер сыбайлас жемқорлық жағдайларын жасау үшін әр түрлі ұйымдардың мемлекеттік қызметшілері бір құралды пайдаланады деген пікірде. Көбінесе бұл қызмет көрсетудің ұазаққа созылуы және бюрократиялық қағазбастылық. Сонымен қатар, лауазымын әсіре пайдалану және тікелей бопсалау фактілері де кездеседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз