Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасуда

430

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесін құрудың мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ орта ретінде қабылдамауды түсінігін қалыптастыру болды.

Ағымдағы жыл бойы «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өз жұмысын табысты аяқтауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялар құрылды, өзгеріс елшілері анықталды. Білім беру саласындағы тұрмыстық сыбайластықтың деңгейін төмендету бойынша іс-шаралардың кешендік жоспары қабылданды. Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен жоғары оқу орындары мен колледждерде парасаттылық мектебі, дәрістік топтар құрылып, жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, парасаттылық орталықтары (Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰҚПУ, ҚазҰАУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) құрылып, арнайы жеке құрамы белгіленді. Жобалық кеңсе ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Мысалы, «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құқықтық және басқару тетіктері (ұлттық және шетелдік тәжірибе)» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция, «Жоғары оқу орындарында парасаттылықты қалыптастырудың әдіснамалық негіздері және әдептілікті көтеру» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде және теледидарда белсенді түрде жоба жұмысының нәтижелері жарияланып келеді. Мәселен, газеттерде 47 мақала (“Егемен Қазақстан”, “Білімді ел”, “Экспресс К”, “Заң”, “Қазақ”, “Вечерний Алматы” және облыстық газеттерде), телеарналарда сұхбаттар мен бейнесюжеттер жарияланса, интернет кеңістігінде 194 және әлеуметтік желілерде 186 мақалалар жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз