Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пе әлде оппозицияға қарсы ма? Сарапшылар қаржы мониторингі туралы

Сыбайлас жемқорлық

Қазақстанда шенеуніктер мен саясаткерлердің қаржылық операцияларын бақылау туралы заң жобасы қабылданбақшы. Бұл қаржы мониторингі агенттігіне танымал лауазымды тұлғаларды тексеруге мүмкіндік береді. Олардың арасында мемлекет және үкімет басшылары, аға үкіметтік, сот және әскери қызметкерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік секторлар мен саяси партиялардың басшылары да бар. Мұның бәрі қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруы тиіс.

 

Алдын алу шаралары

Адвокат Айман Омарованың пікірінше, Қазақстанға ақшаны жылыстатуға қарсы бастамашы болған осындай түзетулер бұрыннан қажет. Ол жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын алу шаралары бола алады.

— Қазіргі уақытта

жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлердің қаражаты таңғаларлық: олардың шетелдік шоттары, қымбат үйлері, шоттарында жинақтары бар

Алайда, мұның бәрі қайдан келгенін түсіндіре алмайды – көп жағдайда мұның бәрі “кәсіпкер әйелінің/енесінің” немесе кәсіпкер қайын атасының еңбегінің жемісі.

Айман Омарова

Нақтылығын тексеру жиі қиынға түседі. Осылайша, заңнамадағы айтылған новеллаларды негізді және уақыт талабына сай деп санаймын. Мүмкін, олар банктердегі ақша шоттарын және заңсыз сатып алынған мүлікті уақты келгенде анықтайтын шығар”, — дейді қорғаушы.

Заң бұзғандардың айла-тәсілдері

Бірақ заң жобасы әлі шыққан жоқ. Президент қол қойған заңның қандай болатынын күту керек.

— Қандай да бір заң жобасы шыққан кезде тек талқылаулар жасалады. Оны алдымен Парламенттің төменгі, содан кейін жоғарғы палатасы қарайды. Өкінішке орай, көбінесе заң жобасында басында жақсы идеясы мен тұжырымдамасы болғанымен, шыққан кезінде біз мүлдем басқаша жарияланады. Сонымен қатар, заң жобасы енді ұсыныла бастаған кезде,

оны айналып өтуге болатын айла-тәсілдері алдын-ала ойластырылып қояды

Кейде заңда ештеңе өзгермейді, бірақ ол белгілі бір уақыттан кейін ғана әрекет етеді деп айтылады. Бұл да айла-шарғы — берілген уақыт ішінде шенеуніктер заңсыз олжаларын жасырып немесе заңдастырып үлгеруі үшін жасады, – дейді Омарова.

Ол заң жобасы көбінесе жоғары лауазымды шенеуніктердің кірістерді жылыстатуына қарсы іс-әрекеттер жүргізуге бағытталады деп санайды.

— Ол адамдардың қолында билік бар және белгілі бір ықпалы да болуы мүмкін, соның ішінде оларды көбінесе тексеруден тыс қалдыратын фискалдық органдарға да ықпалы бар

Бұл сол фискалдық органның  жоғары лауазымды шенеуніктерінің өзі де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жұмысынан айрылып қалмау үшін қол астындағылар өз бастығын тексермейді, — дейді Айман Омарова.

Лайықсыздармен күрес

Қорғаушы Сергей Уткиннің айтуынша, егер заң күшіне енсе, шенеуніктердің банктік шоттарын бақылау бағдарлама бойынша толық жүзеге асырылады.

– Бірақ, шенеуніктер де мүлде ақымақ емес екендігі түсінікті.

Бізде қазірдің өзінде әрбір шенеунік өз кірістерін ресми түрде жариялап отырады. Ол өзінің мәлімдемесінде көрсетілмеген қосымша миллиондарды өз есепшоты арқылы өткізе ме?!

Әрине, бұл анықталады. Заң кірістер мен шығыстарды әлдеқайда ашық қарауға мүмкіндік беретін шығар, — деп болжайды ол.

Қорғаушы мониторинг агенттігі қосымша бақылау шаралары қолданылатын ұлттық мемлекеттік лауазымды тұлғалардың тізімін жасауды жоспарлап отырғанына таңданысын білдірді.

Сергей Уткин. Фото: forbes.kz

Демек, ашықтық бақылауына тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, кейбір қоғам қайраткерлері де қосылатын болады. Ол

осылайша, мемлекет болашақта оппозициямен күрестің де негізін қалайтынына сенімді

– Олар онсыз да жасырын бақылауда, енді оларды ресми бақылауға алады”, — деп түйіндеді Уткин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз