Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Сусымалы тері синдромына шалдыққан Ернарға ота жасалды

Отаны тек көзінің үстіңгі жағына ғана жасадық, астыңғы бөлігін емдеу күрделірек болды. Отаны квота арқылы жасатпақ едім, бірақ күтуге тура келді. Бала болса қиналып кетті. Сондықтан ақылы операцияға жүгіндім. 112 мың теңгеге шықты», – деді Зебинса Төлебергенова.

Анасы Зебинсаның айтуынша, Ернар 40 минутқа созылған емдеу шарасын ойдағыдай өткерген.

«Құжаттарымызды жинап, дайындалып келгенімізге қарамастан дәрігерлер алғашында ота жасаудан бас тартты. Кейін асқынулар болып, басқа да ағзаларына зақым келетінін айтса да тәуекелге бардық. Артынан барлық операция командасымен сөйлесіп, рұқсат алдық.

Әдетте 15-20 минутқа созылатын ота біздің Ернар үшін 40 минутқа созылды. Көп қиналған жоқ, 1 күннен кейін балаларға қосылып ойнап кетті. Астанаға келдік», – деді анасы.

Оның айтуынша, дәрігерлер тек 18 жастан кейін ғана келбетін қалпына келтіру үшін пластикалық ота жасауға кеңес берген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз