Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Суицидтер мына жаққа…”. Ауыл имамы моланы “сортировать” етемін деп басы дауға қалды

101

Красный Яр ауылындағы зираттардың ең шетінде жерленген бойжеткен 2010 жылы қайтыс болыпты. Небәрі 18 жастағы бір үйдің жалғыз қызы өзі оқып жүрген колледждің жатақханасында асылып қалған. Өкініштісі, күн өткен сайын бұл маңдағы молалардың қатары көбейіп келеді. Мезгілсіз өлімнен көз жұмғандардың басым бөлігі – жастар.

“Жалпы, жас болсын, кәрі болсын, адам баласы өз-өзіне қол жұмсауы – үлкен қате. Шариғатқа сүйеніп, бөлек жерлеудің басты себебі де осы. Әбу ханифа мұны үлкен күнә деп есептеп, жаназасын шығарады.

Бірақ, олардың жаназасын фәтуа бойынша әкімдер, патшалар, имамдар емес, қатардағы намазхан адамдар шығарады.

Себебі, халыққа бұл жеккөрінішті амал екені көріну керек”, – дейді Красный Яр мешітінің бас имамы Науан Мүтәлұлы.

Имамның айтуынша, өз-өзіне қол жұмсағандардың бөлек жерленетінін көріп, өз-өзіне қол салу туралы ойынан бас тартқандар да болыпты.

“Суицид жасағандарды бөлек жерлеуге ауыл адамдары бастапқыда қарсы шыққанмен, уақыт өте дұрыс екендігіне көздері жетті”,- дейді Науан Мүтәлұлы.

Бас имамның сөздерінше, мұндағы басты мақсат: суицидтің алдын алу, адамдардың шалыс басуына жол бермеу екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз