“Қазгидрометтің” болжауынша, алдағы күндері Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облысында су тасқыны болуы мүмкін.
Су басқан ауыл
26-30-наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында, ал 26-27-наурызда Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында күн жылынып, қардың еруіне байланысты кейбір өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін.
25-30-наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн жылынып, жауын-шашын түсуіне байланысты кейбір өзендер арнасынан асып, судың жайылу қаупі бар. 25-наурызда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады.
26-наурызда ауа температурасы одан әрі жоғарылауына байланысты Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) мұз кептеліп, су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін.