Күн жылынып, қардың жылдам еруіне және жаңбыр жаууына байланысты “Қазгидромет” РМК еліміздің 11 облысы мен Алматы қаласында су тасқыны болуы мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын түсуіне байланысты қар жылдам еріп, су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан асады деп болжануда.
https://kaz.365info.kz/su-taskhyny-9-oblysta-dabyldy-eskertu-zhariyalandy-307655
Осы күндерде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жылы ауа температурасының сақталуына және жауын-шашынға байланысты қар жылдам еріп, су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан асып, су басады деп болжануда.
https://kaz.365info.kz/aset-isekeshev-astanadagy-su-taskhyny-khaupi-tolykh-bakhylauda-258985
7-8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жылы ауа температурасының сақталып, жауын-шашын түседі деп болжануда, осыған байланысты су деңгейі көтеріліп, жайылу қаупі туындап отыр.
7-8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр жауады деп болжануына байланысты қар еріп, өзендердің деңгейі көтеріліп, су басады деп болжануда.