Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-6
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Студенттер не жеп, не істеп жүр?

123

Құрал ретінде әлеуметтанулық сауалнама әдісі қолданылды. Әдіс шеңберінде нысаналы топ – үйде тұратын, сондай – ақ жатақханаларда және жалдамалы пәтерлерде тұратын Алматы ЖОО-ның студенттері үшін сауалнама-сұрау әзірленді. Зерттеуде 1013 респонденттің деректері пайдаланылды, респонденттердің 57% – 18-19 жас аралығында, 30% – 19-20 жас аралығында және 13% – 20 жастан асқандар болды. Сұралғандардың ішінде 48% – ерлер, 52% – әйелдер.

“Бұл «Денсаулық» Қауымдастығы мен Алматы Менеджмент Университетінің «Қоғамға қызмет ету» пәні аясында жүргізген бірлескен зерттеуі. Зерттеу жұмыстарына AlmaU 1-ші курсының 87 студенті волонтер-интервьюер ретінде тартылды. Волонтерлік практикасынан өту барысында студенттер өздерін белсенді азаматтық ұстанымы бар, әділеттілік сезімі жоғары және жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға даяр жауапты және тәртіпті тұлғалар ретінде көрсетті. Мен олардың әлеуметтік тақырыпқа деген қызығушылығын және өз міндеттеріне шығармашылық көзқарасын ерекше атап өткім келеді. Тәжірибе көрсеткендей, волонтерлік іс-әрекет тәжірибесі бар студенттер жұмысқа сәтті орналасады. Оқыту мен волонтерлікті біріктіру кәсіби өзін – өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді», – деді AlmaU, School of Transformative Humanities практика профессоры Гүлнара Әсемқұлова.

Фастфудты тұтыну

Сауалнамаға қатысқандардың 85%-ы фастфудты үнемі пайдаланады. 2017 жылғы зерттеуде сауалнамаға қатысқандардың 74% – ы фастфудты үнемі (өсім 10% – дан астам) тұтынған. Бұл мөлшердің шамамен 23%-ы фастфудты үнемі, яғни күніне бір немесе одан да көп рет пайдаланады. 2017 зерттеуінде бұл цифра 32% құраған. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың тек 10%-ы фастфудты оның арзандығына байланысты (2017 жылы 18%) және уақытты үнемдеуге байланысты шамамен 27% (2017 жылы 24%) пайдаланады. Респонденттердің негізгі бөлігі 63%-ы фаст-фудты дәмді және сәнді деп санайтынына байланысты (2017 жылы 58%) пайдаланады. 2017 жылы фаст-фудты арзан деп санайтын студенттер саны 18% – дан 10% – ға дейін төмендегенін және сонымен бірге фаст-фудты дәмді және сәнді деп санайтын респонденттердің саны шамалы болса да, 5%- ға өскенін байқаймыз.

Тәтті газдандырылған сусындар тұтыну

Респонденттердің 83% – дан астамы тәтті газдандырылған сусын, энергетика және қант мөлшері жоғары балшырындарды тұтынатынын мойындады (2017 жылы 70%). Сонымен қатар, шамамен 54% оларды үнемі – күніне бір немесе одан да көп рет (2017 жылы 51%) пайдаланады.

Алкоголь тұтыну

Студенттердің 23% -ы (2017 жылы 32%) алкогольді ішеді. Олардың ішінде күнделікті ішімдік ішетін студенттер саны шамамен 8% (сонымен қатар 2017 жылы 8%) құрады, алкогольді аптасына бірнеше рет шамамен 8% (2017 жылы 14%), және аптасына бір рет шамамен 10% (2017 жылы 12%) ішеді. Сауалнамаға қатысқандардың алкогольді 13%–ы (2017 жылы 28%) айына бірнеше рет, ал айына бір рет және одан аз – 61% (2017 жылы 38%) ішеді.

«Осылайша, алкогольді тұтынатын студенттер санының да, алкогольді тұтыну жиілігінің де жалпы төмендеуі туралы айтуға болады. Алайда, бұл 21 жасқа дейінгі адамдарға алкогольді сатуға және ішуге заңнамалық тыйым салуды ескерсек өте жоғары көрсеткіштер болып табылады. Алкогольді тұтынудың айқын төмендеуі байқалса да, аптасына бір рет және одан да көп ішетін респонденттердің пайызы шамамен 26% құрайды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 34% құрады», – деп «Азаматтық сараптама» ҚҚ директоры, әлеуметтанушы Данила Бектұрғанов атап өтті.

Сарапшы сонымен қатар студенттер тұтынатын алкогольдің 25% – ы орташа күшті газдалмаған сусындар (2017 жылы 40%), 40% – ға жуығы әлсіз алкогольді газдалған сусындар (2017 жылы 27%) екенін атап өтті. Күшті сусындар тұтынудың шамамен 23%-ын (2017 жылы 20%) құрайды. Осылайша, орташа күшті газдалмаған сусындарды – шараптарды, вермуттарды және т.б. тұтыну төмендеді, ал әлсіз алкогольды газдалған сусындарды – сыраны, алкогольдік коктейльдерді және энергетиктерді және т. б. тұтыну, керісінше, өсті.

Темекі шегу (никотинді қолдану)

Сауалнамаға қатысқан студенттердің шамамен үштен бірі, яғни 32% (2017 жылы 34%), темекі шегеді, немесе никотинді пайдаланады. Басым көпшілігі, 80% – дан астамы (2017 жылы 55%) үнемі – күніне бір немесе одан да көп рет темекі шегеді. Сауалнамаға қатысқандардың 39% – ы (2017 жылы 56%) дәстүрлі темекі шегеді. Кальян қолданушылардың үлесі, 11% (2017 жылы 38%) және насыбай 5% (2017 жылы 20%) айтарлықтай төмендеген. Респонденттердің 60% – ы (2017 жылы 42%) электронды темекіні пайдаланады.

«Құрамында никотин бар өнімдерді тұтынудың электронды темекіні пайдалануға қатысты айқын өзгеруіне қарамастан, темекі шегетін респонденттер бойынша сандар алаңдатады. Сонымен, 2017 жылда кальян мен насыбайды қолдануға тыйым болған, және насыбай мен кальян қолданатын респонденттер санының айтарлықтай төмендеуі байқалып отыр. Алайда, тыйым кальян мен насыбайды тұтынудың толық жойылуына әкелмеді. Сонымен қатар, темекі өнімдеріне акциздердің өсуіне және бағаның екі еседен астам өсуіне қарамастан – 2017 жылғы сәуірде темекі қорабының ең төменгі бағасы 340 теңгені, 2024 жылғы сәуірде – 770 теңгені құрады, темекі өнімдерін пайдаланатын студенттердің пайызы іс жүзінде өзгерген жоқ және 32-34% -ы құрайды. Сондай-ақ темекі шегудің жүйелілігі артты, үнемі темекі шегетін респонденттер саны 2017 жылы 55% – дан 2024 жылы 82% – ға дейін өсті. 21 жасқа дейінгі адамдарға темекі мен стиктерді сатуға тыйым салу да оң нәтиже бермеді. Темекі сатуға, кальяндарды пайдалануға және насыбайды сатуға тыйым салу билік күткен нәтиже бермейтіні анық; жақында жарияланған вейпке тыйым салу да күтілетін нәтиже бермейді деп болжауға болады» – деп дәрігер және «Денсаулық ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Гинтаутас-Юозас Кентра атап өтті.

Спортпен шұғылдану

Студенттердің едәуір бөлігі, 32%, аз қозғалатын өмір салтын ұстанады. Бұл көрсеткіш 7 жылда өзгерген жоқ. Студенттердің үштен бір бөлігі үнемі спортпен шұғылданады. Спортпен шұғылдануға деген көзқарасты көрсететін деректердің өзгерісі соңғы 7 жылда өте төмен.

Денсаулық жағдайы туралы хабардар болу

Сауалнамаға қатысқан студенттердің 63% – өз денсаулық жай-күйі туралы объективті ақпарат жоқ және тұрақты медициналық тексеруден өтпейді. Сонымен қатар, 2017 жылмен салыстырғанда дәрігерлік тексеруден өтетін студенттердің үлесі 31% – дан 37% – ға дейін өсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз