Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Студенттер енді жатақханадан бөлме алу үшін коммендантқа жалынбайтын болды

Оның сөзіне қарағанда, арнайы ақпараттық жүйеде кім және қай жерден орын алғаны көрсетілуі керек. Ал ережеге сәйкес, жатақхана орны алдымен мемлекеттік грант иегерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелеріне беріледі.

«Осы шаралар мемлекеттік қызмет болғасын, студент өз өтінішін «e-gov» порталы бере алады, я болмаса университеттің өзіне беруге мүмкіндік бар. «Электронды үкімет» порталына өтініш тапсырғанда, міндетті түрде тиісті құжаттар болуы керек. Соның негізінде тапсырыс университеттің өзіне түседі. Белгілі бір уақыттың ішінде оған жауап берілуі тиіс», – деп атап көрсетті департамент басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында жатақханаларды таратудың электронды жүйесін енгізу міндеті бар. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі жауапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз