Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ұстаз қауымының көмекшісі. Ұлттық психологияны насихаттаушы журналдың 100-ші саны шықпақ

244

gulzhanat

Гүлжанат Құстанова

Қазіргі нарық заманында журнал шығару екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бұл ретте оқырмандарға қажет ақпарат беріп, ұстаздар қауымының жан серігіне айналған журнал жанашырларының айтары аз емес. Журналдың құрылтайшысы, «Педагог LTD» ЖШС-ның директоры, белгілі журналист Гүлжанат Құстанованың басылым туралы пікірі төмендегідей:

«Мектептегі психология – психология в школе» журналы 2006 жылдың алғашқы айынан бастап шығып келеді. Бастапқы нөмірінен-ақ айтулы маман, еліміздегі психология ғылымының білгірі, психология ғылымының докторы, профессор Құбығұл Жарықбаевтың ақыл-кеңесіне жүгіндік. Ғалым ағамыз күні бүгінге дейін әрбір санының мазмұнды да мағыналы болуына мән беріп келеді. Тамыры тереңде жатқан ұлттық психологияның сан салалы мәселелерін басылым беттерінде көтерілуіне атсалысуда.

Психологияның орны бөлек ғылым екендігіне, бәрінен бұрын мынандай қым-қуыт заманда сәт сайын көзіміз жетуде.

Сондықтан да дәл қазіргі уақытта психолог мамандығының маңыздылығы да артып отыр. Әсіресе, ұстаздардың білімін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан көтеру – заман талабы. Осы орайда республика мектептерінде еңбек етіп жүрген мыңдаған психолог мамандарға он жыл ішінде айтарлықтай көмегімізді тигіздік деп нық сеніммен айта аламыз. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал болғандықтан еліміздің барлық мектептеріндегі әлеуметтік психолог болсын, психолог-педагог болсын, ата-аналар мен ұстаздар болсын, тіпті оқушылардың өздері де мақалаларын жолдайды».

mg_4799-300x200Педагогика және психология ғылымдарының докторы, «Мектептегі психология – Психология в школе» журналының ғылыми редакторы Құбығұл Жарықбаев ұлттық психологияның сан алуан мәселелеріне тоқталып, елімізде осы салаға аса мән берілмей келе жатқанын тілге тиек етті. Психология ғылымына мемлекет тарапынан тиісті қолдау болмай, осы ғылымды дамытуға көңіл бөлінбейтіндіктен зардап шегіп келеміз дей келе, қазіргі кезде психология пәнінің мектептерде, жоғары оқу орындарында дұрыс оқытылмайтындығына қынжылыс білдірді. Сонымен қатар журналдың көтеріп отырған жүгінің ауыр екенін, мұнда қоғамдағы өзекті мәселенің бәрі қамтылатындығы жайында сөз қозғады. Мәселен, басылымда үш тұғырлы тіл саясаты, бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту ғылымға қарама-қарсы екендігіне тоқталып, бұл жөнінде журналда қазақ тілінде де, орыс тілінде де мақалалар жазылғандығын, бірақ тыңдар құлақ, ескеретін адам жоқ екендігін әңгіме өзегіне айналдырды.

«Педагог LTD» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрамындағы «Білім кілті – ключ знаний» және «Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері» атты психологияға астарлас журналдардың да 100 саны жарыққа шықты. Он жыл бойы үзіліссіз ай сайын оқырманмен жүздесіп, ұстаздардың сенімді көмекшісіне айнала білуге тікелей көмек беретін де ұстаздардың өздері. Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Педагог» журналы да оқырмандардың асыға күтетін басылымдарының бірі. Олай болса, «Педагог LTD» ЖСШ-на қарасты «Мектептегі психология – психология в школе», «Білім кілті – ключ знаний», «Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері», «Педагог» басылымдарына ұзақ ғұмыр, ұжымға мол табыс тілейміз!

Бағдагүл Балаубаева

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз