«Астана» командасының бапкері Станимир Стоилов қазіргі қызметінде қалуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.
Өйткені қазақстандық клуб болгариялық маманға жаңа келісімшарт ұсынып отыр.
Оның ішінде жылдық жалақыны 1,2 миллион еуроға дейін арттыру туралы мәселе қаралған.
Бұл туралы ресейлік «Тема Спорт» газеті жариялады.
Жуырда болгариялық маман мен қазақстандық клуб арасындағы келісімшарттың уақыты аяқталып, қазір ақпарат құралдары оның «Астанада» қалу қалмауын қызу талқылап жатыр.