Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ұстамаймын ал!”. Нұртас Адамбаев Универсиада-2017 алауын ұстаудан бас тартты

Айтуынша, ол айтылған уақытта әкімдікке келіпті.

“Бірақ адам қарасы аз болғаны таңғалдырды. Кеше өткен кездесу жайлы фейсбуктегі жазба есіме түсті. (Алау ұстаушылар көп болғандықтан, оларды екі күнге бөліп шақырған екен деп ойладым). Фейсбук-досыма хабарластым, ол осы жазбаны қалдырған еді. Сөйтсек, кездесуді шегеріпті.

Одан ұйымдастырушылардың нөмірін сұрадым. Сенбі күні телефон соққандардың тізімінен тауып алдым. (Түскі уақытта осы нөмірге қайта-қайта соқтым, бірақ тұтқаны ешкім көтермеді.

Мен, әрине, барлығын түсінемін, бірақ смс жазуға не ескертуге болмай ма? Жоспарымды не үшін өзгерттім? Әкімдіктің бетіне қарап отыру үшін бе? Құрметті ұйымдастырушылар, алауды өздеріңіз ұстаңыздар. Не істесеңіздер де өздеріңіз біліңіздер”, – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз