Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Спорттың жағдайын олимпиадалық медальдармен өлшеу дұрыс емес – ҰОК Бас хатшысы

Елдегі спорттың жай-күйін медальмен өлшеу дұрыс емес. Бұл туралы ОКҚ брифингінде еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді.

“Қарапайым медальдармен бүкіл елдегі спорттың жай-күйін өлшеу дұрыс емес. Егер үш алтын медаль алсақ, елімізде спортпен бәрі жақсы және проблема жоқ дегенді білдіре ме? Олай емес қой. Біз, кәсіби мамандар ретінде, эмоционалды емес, объективті ойлауымыз керек”, — деді Андрей Крюков.

Оның айтуынша, алдағы аптада ҚР ҰОК республикалық федерациялармен және МСМ-мен бірлесіп, ҚР Ұлттық құрама командаларының ОИ-да өнер көрсетуі мен дайындығы нәтижесіне талдау жасау бойынша жұмыс жүргізеді.

“Қыркүйек айының соңына қарай біз Олимпиада ойындарында өнер көрсетудің соңғы қорытындысын шығарамыз, содан кейін қателіктер бойынша басқа жұмыс және келесі Олимпиада цикліне дайындық басталады”, — деп атап өтті Крюков.

ҰОК Бас хатшысы Қазақстан спорттың бір ғана түріне қатыса алатынын, бірақ бұл спорт жүйесінің жоғары дамығандығын білдірмейді, деп қосты.

“Егер бокс пен күрестен медаль алса, онда бұл спортта бәрі жақсы деген сөз бе? Мұнда жекпе-жекке түріне қарай бұра тарту байқалады. Бұл біз үшін дәстүрлі спорт түрлері. Әлеуетке және шын мәнінде объективті себептерге қарау керек. Үстірт пайымдамауымыз керек”, – деді ол.

Оның айтуынша, Токиоға жақсы және үйлестірілген команда барған, және нәтижелеріне қарамастан, пандемия жағдайында ең қиын дайындық кезеңінен өткен спортшыларымызды мақтан тұтуға лайық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз