Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
7
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Спортшылар Токио Олимпиадасына арналған «Плейбукты» талқылады

Күн тәртібіндегі басты тақырыптар қазақстандық спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына дайындығы, спортшыларға вакцинациялау процесін талқылау, сонымен қатар, ХОК-тің халықаралық күн тәртібін және Токиода өтетін Олимпиада ойындарының «ойын кітабын» талқылау болды. Сонымен қатар, отырыста Қазақстан ҰОК Спортшылар комиссиясының жаңа құрамы бойынша ұсыныстар жасалды.

«Мен спортшылар комиссиясының бұрынғы құрамына төрт жыл бойғы жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Спорт және гендерлік тепе-теңдік бойынша ротация принциптерін басшылыққа ала отырып, біз келесі жұмыс кезеңіне Комиссияның жаңа мүшелерін ұсынуға қуаныштымыз. Жаңа спортшылар комиссиясының құрамы әр түрлі, жаңа үміткерлердің әрқайсысы өз спортында және командасында көшбасшы. Бұл спорттық аренада ғана емес, оның сыртында да өзін көрсететін, әлеуметтік жобаларға белсенді қатысатын спортшылар. Бұл тізім спорт қауымдастығының сенімді өкілі ғана емес, сонымен қатар ҰОК-тың спортшыларға қатысты көмекшісі болатынына сенімдімін », – деді Серік Сәпиев кездесуде.

Бекіту үшін Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетіне келесі төрт жылдағы атлеттер комиссиясының жаңа мүшелерінің тізімінде Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Жанбота Алдабергенова (фристайл акробатика) және Ажар Алибаева (су добы) бар. Серік Сәпиев пен Гузель Манюрова спортшылар мансабын аяқтағаннан кейін де осы саладағы қызметін жалғастырған спортшылар қауымдастығының тәжірибелі және табысты өкілдері ретінде Атлеттер комиссиясында жұмыс істей береді.

Кездесуде ХОК-тың халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, оның ішінде Олимпиада Хартиясының 50-ережесі, ол спорт пен Олимпиада ойындарының бейтараптығын қорғауға негіз болатын мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар арасында Жапониядағы Олимпиада ойындарына қатысушыларға арналған ережелер жиынтығынана, яғни плейбукке қатысты қызу пікірталас жүрді. Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетімен бірге сәуір айының соңында «плейбуктің» екінші басылымын шығарғанын, ол Олимпиадаға қатысушылардың қауіпсіздігін ескере отырып барлығына қосымша және тіпті қатаң шектеу шаралары жазыған. Онда Жапонияға кетер алдындағы екі апталық карантин, ПТР-тест, тек Олимпиадалық ауыл мен спорт нысандары арасындағы қозғалыс, туристік немесе басқа олимпиадалық емес орындарға баруға тыйым салу, жапондық қоғамдық көліктерге тыйым салу және т.б. сонымен қатар арнайы тағайындалған COVID офицеріне күнделікті есеп беру туралы айтылған.

«Алдағы Олимпиада ойындарының алдыңғы ойындарға қарағанда ерекше болатынын бәрі түсінеді. Біз, бұрынғы спортшылар ретінде, команда үшін Олимпиада жылын күтудің, жарыссыз, іріктеу кезеңдерінсіз, сондай-ақ, белгісіздікте жүрудің қандай екенін жақсы түсінеміз.  күту жылы біздің команда Бірақ қазір, Олимпиадаға екі айдан аз уақыт қалғанда спорт қайтадан жанданып, спортшылардың қаіпсіздік мәселелері күн өткен сайын өзекті бола түсуде. Спортшылар арасында вакцинацияға, «плейбуктың» жаңа ережелеріне, сондай-ақ олимпиадалық ауылдағы сақтық шараларына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек», – деді кездесу барысында Атлеттер комиссиясының төрағасы.

Айта кетерлігі, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының ойын кітаптарының жаңартылған нұсқалары ұлттық федерацияларға, олимпиадалық спорт командаларының басшыларына жіберіліп, ҰОК-ның www.olympic.kz веб-сайтында Токио Олимпиадасының арнайы бөлімінде орналастырылған.

«Біз үшін спортшылардың пікірі, әсіресе, өздеріне қатысты маңызды мәселелер өте маңызды. Спортты дамыту және олимпиадалық қозғалысты бірлесіп, спортшылармен бірлесе отырып жүргізу – бұл Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі.  Бір жыл ішінде пандемиядан кейін команда және жалпы жұмыс бұрынғыдан да маңызды болып келеді, бізбен бірге спортты дамытуға дайын белсенді спортшылардың көбейгені бізді қуантады. Мен спортшылардың бастамаларын барлық жағынан қолдаймын», – деді Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков.

Атлеттер комиссиясы отырысының жұмысын қорытындылай келе, Серік Сәпиев Арман Чилмановтың, Елена Хрусталева мен Юлия Комендра сияқты спортшылар кірген ескі құрамға бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Атлеттер комиссиясының жаңа құрамына сенім білдірді. Ол ұлттық спорттық олимпиадалық командалардың барлық мүшелері әрқашан өз өкілдеріне сенім арта алады деп сендірді, сонымен қатар, барлық спортшыларды Атлеттер комиссиясының жұмысына белсенді қатысуға және өз үлестерін қосуға шақырды.

Қазақстан ҰОК Атлеттер комиссиясы туралы ақпарат: Атлеттер комиссиясының міндеті – спортшылардың пікірі мен ұстанымын білдіру, жеткізу. Комиссия құрамына 16 жасқа толған және Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске қатысты ешқашан санкциялар алмаған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын кемінде 5 (бес) мүше кіреді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз