Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Спорт-каробкі!”. Жаңартылған Lada Granta қандай дейсіз бе?

375

Барлық «гранталардың» алдыңғы жағы Стив Маттин флагмандық Vesta-ға арнап салған, әрі сәтті деп танылған бірыңғай Х-үлгілі стильге негізделген. Ал бұл шешімге «веста» иелері қуана қоймас сірә, себебі енді олардың көліктерін алдыңғы жағынан көргендер қарадан шыққан «гранталармен» шатастыратын болады ғой.
https://kaz.365info.kz/avtovaz-zhane-lada-bokh-siyakhty-zauyttyn-byryngy-direktory-shyndykhty-ajtty-312126

Lada Granta-ның моторлық қатары бұрынғы қалпын сақтап қалған, бұл жақсы таныс 1.6 литрлік (87 а. к. мен 140 Нм, 98 а. к. мен 145 Нм, 106 а. к. мен 148 Нм) бензинді агрегаттар. Базалық алты клапанды қозғалтқыш бес сатылы механикамен жақсы үйлеседі, аралық он алты клапанды қозғалтқыш тек төрт сатылы Jatco автоматты қорабымен ғана жұмыс істейді, ал топтық мотор не механикамен, не роботталған АМТ қорабымен жұптасады. Айтпақшы, соңғысында сырғымалы режим (көлік тежегіш педалін жібергенде қозғалады) пайда болыпты. Сонымен қатар, батырма арқылы іске қосылып, берілістерді ауыстыру уақытын кемітетін «Спорт» режимі де қосылған.
https://kaz.365info.kz/sorly-mashine-lada-vesta-aluga-tyratyn-kolik-pe-327960

Алдыңғы панельдің үшбұрышты орталық үрлеу дефлекторларына ие құрылымы біркелкі пішінге келтірілген, және ол грантаға емес, калинаға тиесілі болған-ау, шамасы. Қызғылт сары жиектері мен радиалды цифрлауы бар аспаптардың өздері болса, ересек «Вестаны» еске салады. Батырмасы төбеде орналасқан «ЭРА-ГЛОНАСС» шұғыл хабарлау жүйесі үлгілердің барлығына орнатылыпты.

Өндірушінің айтуынша, жаңа «Грантада» отырған анағұрлым жайлырақ болады, өйткені, орындықтардың бүйірлік таяныштары шығыңқылау жұмыр жастықтарға ие болған. Жүргізуші орындығында биіктік бойынша (40 мм ауқымында) реттеу жүйесі пайда болыпты, бас тірегіштердің бесеуі де ірілеу бола түскен. Шанақ нұсқаларының барлығындағы жүксалғыштың құлпы енді батырмалы және электрлі механикалық жетекті, және тек седанның ең қарапайым нұсқалары ғана кілт өзегін сақтап қалған.
https://kaz.365info.kz/khymbat-lada-niva-bronto-degen-dzhip-shygypty-282645
Рестайлингті Lada Granta топтамасының Ресейдегі сатылымы 30 тамызда басталады деп бекітілген, және бағалары да жария болды. Ең арзан нұсқасының (седан) бағасы, енді 419 000 рубльден ( +10 000 рубль рестайлингке дейінгі көлікке қатысты) басталатын болса, лифтбек — 436 900 рубльден (+2 000 рубль) басталады. Универсал мен хэтчбек біршама қарапайымдау жиынтыққа ие болғандықтан, біршама арзандаған.. Хэтчбектің ендігі бағасы 436 900 рубльден (бұрынғыдан 23 700 рубльге арзан), ал әмбебап шанақ — 446 900 рубльден (28 300 рубльге кем) басталады екен. Lada Granta Cross пен седан және хэтчбек шанақтарындағы Granta Sport нұсқаларының баға парағы келесі жылы белгілі болады. Қазақстандық нарықтағы бағалары да жақын арада жарияланбақ.

Бұл көліктер дәл бұрынғыдай, сол Өскемендегі зауытта, SKD-жинақтарынан құрастырылады.


https://kaz.365info.kz/lada-priora-goj-kim-chen-yn-orys-koligin-minedi-eken-322235

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз