Коронавируспен ауырған кезде алкогольді ішімдік ішу аурудың ағымын өзгертіп, оны асқындыруы мүмкін.
— Егер адам ковидпен жеңіл түрде ауырса, онда алкогольді ішу бұл форманы аурудың орташа немесе ауыр ағымына айналдыруы мүмкін. Алкогольдің емдеуде қолданылатын препараттармен араласуы науқастың жағдайын асқындырып, ауыр салдарға әкелуі мүмкін деп нақты айта аламыз, – деді нарколог.
Исаев коронавирусты емдеуде қолданылатын көптеген дәрі-дәрмекті алкогольмен бірге қолдануға болмайтынын еске салды.
— Ең алдымен, әңгіме антибиотиктер туралы болып отыр. Бұл препараттардың жанама әсерлері болуы мүмкін, ал алкоголь қосымша асқынуларға ықпал етеді. Сондай-ақ, алкогольді қолдану антикоагулянттардың, қанның ұюына қарсы дәрілердің әсерін қиындатады. Қанның ұйығыштығын жоғарылататын алкогольдің арқасында оларды көп мөлшерде қолдану керек, –деп түсіндірді дәрігер.