Біріккен Араб әмірлігіндегі мейрамханалар соя тұздығын ас мәзірін алып тастаған көрінеді.
Олардың бұл қадамға баруына кейбір өндірушілердің тұздықтарының құрамында алкоголь бары себеп болып отыр. Лабораториялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, соя тұздығының құрамында 2 пайыз спирт болатыны дәлелденген. Ол бидай крахмалдарының ферментацияға түсуі барысында пайда болатын көрінеді.