Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сотталғандарды қадағалайтын «электронды білезіктер» Талғарда жасалмақ

«Электронды браслеттерге» тоқталайын. Мен осы жоба бойынша екінші рет баяндама оқып отырмын. Бұл – халықаралық тәжірибе. Алдында біз («электронды браслеттерді» – автор) жай сатып алғымыз келген. Кейін бұл бюджетке салмақ түсіретінін білдік. Әрине, бізге Түркия, Ресейде, Израильде жасалған браслеттерді сатып алуға болатын еді. Израильдің браслетін сатып алуға бізге ұсыныс жасалды. Ол сатып алынады, бізге беріледі. Бірақ оларға кім қызмет көрсетеді? Браслеттерді кімдер тағады? Оны қалай істеу керек? Тіпті осы үшін бізге 2 жыл бұрын бюджеттен ақша бөлінді. Ол қаржыны біз жұмсаған жоқпыз», – деді ол.


Осы орайда Қалмұханбет Қасымов аталған мәселені шешуде басқа жолдың таңдалғанын айтты. Министрдің айтуынша, осының негізінде Талғарда сотталғандарды қадағалайтын «электронды білезіктер» жасайтын кәсіпорын ашылмақ.

«Кейін біз жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істедік. Қазіргі таңда Талғарда зауыт салынды. Ондағы құрал-жабдықтар Жапониянікі. Өнімдерді сіздер көрдіңіздер. Қазіргі таңда аталған бағдарлама сараптамадан өтіп жатыр. Ол жұмыс істеген соң, ендігі жылдан бастап, жекеменшік әріптестік негізінде олар бізге (браслеттерді –автор) береді. Оны біз қолданамыз. Жалға алғанымыз үшін ақысын төлейміз. Менің ойымша бұл мемлекет бюджеті үшін үнемді. Онда құралды жөндеу де қарастырылған», – деді басшы.
Оның пікірінше, бұл мемлекетке пайдалы. Осының нәтижесінде қазынадағы қаржы үнемделеді.

«Ал Израильдің браслетін алсақ, ол істен шықса үнемі оларға хабарласамыз. Ал бұл жағдайда өндіруші де жақын, әрі өнімге де тиісті қызмет көрсете алады. Сондықтан осы жолды таңдадық. Бұл бюджет үшін үнемді», – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз