Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Сотталдым ғой…”. Ақмола облысында өлдіге саналған қыз 20 жылдан соң табылды

https://kaz.365info.kz/ony-ystap-otyrgan-eken-zhogalgan-khyz-tabyldy-305591

Жанерке 1984 жылы дүниеге келген екен. Үйінде олар 4 бала: Жандос, Зәуреш, Асылбек және Жанерке.

2001 жылы 9-сынып бітірген Жанерке Көкшетаудағы қазақ педагогикалық колледжіне оқуға құжат тапсыруға кетіп, сол күйі одан хабар болмайды. Туған-туыстары «Бармысың, бауырым!», «Жди меня» сынды көптеген бағдарламалар, Ішкі істер органдары арқылы іздестіреді, бірақ еш нәтиже шықпайды.

2-3 жылдан соң өмір ағымымен іздеу жұмыстары да саябырси бастайды. Келе-келе ол тірі деген де үміт үзіледі. Алайда, 17 жылдан соң өлдіге саналған Жанерке ағасын өзі тауып алған.

https://kaz.365info.kz/auruhanadan-bir-akh-shygypty-almatyda-zhogalgan-khyz-tabyldy-284496

«Кеше, яғни 1 сәуір күні анамыз Ғазиза марқұмның рухына құран бағыштап отырған сәтте қарындасымыз хабарласып, өзінің тірі екенін, бар екенін айтты. Аузыма сөз түспей, не дерімді білмей қалдым. 1 сәуірдің қалжыңы ма деп те ойладым. Алайда қонақтарым кеткен соң сөйлесе келе оның бар тағдырын білдім», – дейді Асылбек.

Мәлім болғандай,

Жанерке үйден кеткен жолында бір дос қызымен Астана қаласына барады. Жастықпен «жұмысқа тұрып, өз бетіммен күн көрем» деген шешім қабылдайды. Кейін жақындары оны іздестіре бастағанда Алматыға қашып кетеді. Алматыда жол көлік оқиғасына ұшырап, 1,5 жыл емделеді. Сол жылдары қыздармен бірге автокөлік ұрлығын жасап, 3 жылға сотталып кетеді.

Түрмеден шыққан соң Талғар ауданында бір қойшы жігітке тұрмысқа шығып, 2,5 жылдан соң ортақ бала болмағандықтан ажырасады.

Қазіргі уақытта Жанерке Алматы қаласында жұмыс істейді екен. Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде отырып, ойда-жоқта нағашы әпкесінің парақшасын тауып алады. Содан барлық туыстарының номерлерін алып, хабарласа бастайды. Ақыры марқұм анасының өмірге келген күнінде ағасымен тілдеседі.

 

https://kaz.365info.kz/zho-al-an-studentti-m-jitin-tabu-a-k-ripkel-k-mektesipti-204499

Біздің кейіпкер атын өзгертіп алған көрінеді. Сол себепті ішкі істер органдарының іздеу жұмыстары нәтиже бермеген.

Жақын күндері 20 жылға жуық бір-бірін көрмеген ағалы-қарындасты екеу кездеспек…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз