Мәскеудегі сот Гүлчехра Бобокулованы қамауда ұстау мерзімін 29 тамызға дейін ұзартты. Бала күтушіге биыл ақпанда төрт жастағы баланы өлтірді деген айып тағылған.
Психиатриялық сараптама Бобокулованың есі дұрыс еместігін анықтады. Айыпталушы ем қабылдау үшін өзін отанына қайтаруын өтінді, деп хабарлады ТАСС. Бобокулованы қамауда ұстау мерзімі талқыланған сот отырысында ол Өзбекстанда шизофрениядан емделгенін, Самарқандағы психикалық жүйке аурулары диспансерінің есебінде тұрғанын айтқан.
Бобокулова жасағын қылмысын мойындады, осы әрекеті арқылы ол Ресей президенті Владимир Путиннен Сирияны бомбалағаны үшін кек алғысы келгенін айтты.