Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сот Сейітқазы Матаевтың қорғаушысы сұраған өтініштердің көбісін қанағаттандырмады

Оның сөзіне қарағанда, Сейітқазы Матаевтың туыстары 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде кепіл соманы соттар әкімшісіне аударған, сонымен қатар 500 айлық есептік көрсеткіштегі ақша Әсет Матаев үшін де кепіл ретінде енгізілді. Бұл тұрғыда қорғаушы Әсет Матаевқа қатысты бұлтарпау шарасын үйқамақтан кепілге босатуға ауыстыруды сұрады.

Отырыс барысында судья сот залына кардиолог дәрігерді қатыстыру және ноутбук пайдалану туралы қорғаушының өтінішін қанағаттандырды. Атап айтқанда, бұл өтініш оның артериялық қан қысымының жоғары болуына байланысты жасалды.

Бұдан бөлек, судья айыпталушыларға қатысты заңсыз әрекеттер Есіл ауданында жасалғанын айта келе, қылмыстық іс Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотында қаралуы тиіс екенін жеткізді.

А.Құрмантаев қосымша сот-экономикалық сараптамасы тұрғысында басты сот талқылауы басталмағанын, осы ретте бұндай сараптамаға негіз жоқ дегенді айтты.

Мұнымен қоса басты сот талқылауы белгіленбегендіктен, істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ екенін де мәлімдеді. Сөз соңында судья басты сот талқылауының мерзімі биылғы 23 тамызға дейін созылатынын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз