Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сот процестерін жариялауға тыйым салу сот жүйесінің беделіне нұқсан келтіреді – Калеева

156
Тамара Калеева, фото medialaw.asia сайтынан

21 қазанда қазақстандық БАҚ өкілдерін Парламент жаңалықтары таң қалдырды. Мәжілістің сот жүйесі туралы заңнамаға түзетулерді талқылау жөніндегі жұмыс тобы отырыстарының бірінде депутат Нұрлыбек Ожаев, егер сот шешімі заңды күшіне енбеген болса, кез келген сот процестері туралы ақпаратты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жариялауға тыйым салуды ұсынды.

Мәжілісменнің пікірі мынадай:

“Тараптардың бірі

өзінің қарсыласына қарсы алдын ала теріс қоғамдық пікір  қалыптастыру және сотқа қысым көрсету мақсатында қарастырылып жатқан іс бойынша жалған, нақты емес ақпаратты жариялайды

Сондықтан сот шешімі жарияланғанға дейін істерді жариялауға тыйым салатын норманы қарастыру қажет”.

Мен қайта құрастырамын, күте тұрыңыздар

Расында, халық қалаушылысы ешқандай нақты мысалдар келтірмеді. Кейінірек, журналистер қоғамдастығы даурыққан кезде, депутат тіпті былай деп мәлімдеді:

“Мен өз ұсынысымды қайтарып алмадым. Қайта түзетемін және жұмыс тобының алдағы отырыстарында ұсынатын боламын. Біз әлі талқылаймыз, бұл соңғысы емес. Оның журналистерге қатысы жоқ.

Журналистерге ешқандай шағым жоқ, олар жариялылықты, сот процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, олар сауатты, дәлелдемелермен жазады

Бізде БАҚ туралы заң бар, Конституция бар, мұның бәрі реттеледі. Мен қазір кез келген азамат әлеуметтік желілерде өз пікірін айта алатынын, талқылай алатынын айттым. Әркім өз бетінше түсіндіреді, заңгер болмаса да және сот істерін түсінбесе де. Әлеуметтік желілерде беделді адамдар жазба қалдыруы мүмкін, содан кейін қоғамда теріс пікір туындайды”.

Яғни, журналистерге деген біресе талаптары бар, біресе жоқ Ожаев бұл мәселеге қайта оралуға ниетті. Жалпы,  партия Мәжіліске төрт ай бұрын ғана жіберген депутат тарапынан осындай “батыл” бастаманы көру өте таңқаларлық. Оның қызметтік тізімінде тек әкімдіктердегі қызметтері ғана бар.

“Әділ тол” сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева депутаттың сөздерін танымал болуға жасалған сәтсіз әрекет деп санайды.

Сот процестерінің жариялылығы

– Тамара Мисхадовна, сіздің ойыңызша, бұл түзету немен байланысты? Бұл сөз бостандығына берілген конституциялық құқықпен қалай үйлеседі? Қандай құқықтық салдары болады?

— Менің ойымша, бұл ұсыныс ерте ме, кеш пе сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заңға енеді. Себебі бұл дөрекілеу. Кейбір депутаттарымыздың бәріне мүлде тыйым салу идеясы мені таң қалдырады. Біреуі әлеуметтік желіні бұғаттауды ұсынады, екіншісі кейбір субъективті жарияланымдарға байланысты барлық сот процестерін жариялауға тыйым салуды талап етеді.

Бізде сот процесінің жариялылығы Қылмыстық және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде бекітілгеніне қарамастан

Жоғарғы Соттың сот процесінің жариялылығы туралы нормативтік қаулылары бар болса да. Одан жоғарысын айтатын болсақ, жариялылық пен қоғамның ақпаратқа қолжетімділігі Қазақстанда Конституциямен бекітілген.

Егер барлық заңдарды бұзу, Қазақстанның беделін түсіру және қоғамды ақпарат алу құқығынан айыруды ұсынса, шынымен депутат оны білмей ме?

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Төрағасы да, президент те сот процесінің жариялылығы туралы айтуда. Ал сот шешімін қоғамдық бақылау ше? Ұсыныс жасамас бұрын ойлану керек қой. Қоғам алдында жағымсыз тұлғаға айналмас үшін жан-жағыңа қарап, салдарын түсіну қажет.

– Бұл популистік пиар сияқты емес пе, өйткені мұндай бастамаларды жасыратын бір сыры бар адамдар жиі ұсынады. Бізде тіпті судьяларда, тіпті сот процесінің жариялылығы болса да, журналистердің бұл процеске қатысқанын жақтырмайды. Ал мынадай ыңғайлы норма болса, мүлдем кіргізбейтін шығар.

– Бұл депутаттың өткен өмірінде сот жүйесіне қандай қатысы бар екенін білмеймін.

Бірақ бұл жай ғана өзін танытудың сәтсіз әрекеті болуы да мүмкін екенін жоққа шығара алмаймын.

Өз сайлаушыларына танымал халық қалаулылары бізде аз. Сондықтан танымалдық пен даңққа қол жеткізгісі келеді. Бірақ мынадай жағдайда танымалдылыққа ие болу, менің ойымша, сәтсіз әрекет.

БАҚ туралы жаңа заң – оны немен жейді?

– БАҚ туралы заңға журналистерге көбірек құқық беретін түзетулер туралы әңгіме болды. Қазір қандай күйде? Бұл енді басқа заңнамалық актілерге қатаңдық енгізу туралы ұсыныстармен қалай үйлесер екен?

– Бұқаралық коммуникация құралдары жөніндегі жаңа заң жобасы туралы бөлек үлкен әңгіме.

Осыған байланысты “Әділ сөз” 8-қарашада Нұр-Сұлтанда ҮЕҰ мен Ақпарат және қоғамдық даму бейіндік министрлігінің қатысуымен үлкен конференция өткізеді

Министрлік қазір қоғамнан құпия түрде әзірлеп жатқан заң жобасында не бар екенін талқылайық.

— Жасырын болғаны қалай?

— Солай. Біз жұмыс тобына, қоғамдық талқылауға қатысуға тырыстық. Тіпті, біз басынан бастап серіктес ретінде бірге жұмыс істеуді ұсындық. Бізге: “Күте тұрыңыздар, жақында талқылауға түсетін жобаны жариялаймыз”, – деп жауап берді. Мен ақыр соңында, кейіннен біз лайықты заң шығаруға тырысатын кереғар бірдеңе пайда болма ма деп уайымдаймын.

– Масс-медиа саласындағы халықаралық ҮЕҰ-да қолданыстағы БАҚ туралы заң демократиялылықпен байланысты емес. Жаңа заң жобасының мәжілістен тысқары әзірленіп жатқандығы онсыз да еркіндік жоқ нәрсені одан сайын қатайтатынын білдіре ме әлде министрліктен жағымды тосынсый күтуге бола ма?

– Егер қиялды іске қоссақ, бұл керемет демократиялық заң болады деп болжауға болады.

Бірақ егер біз өз әлемімізге түсіп, басқа заңдарды, мысалы, сот жүйесі туралы заңды жетілдіруге тырысқанымызды алсақ, менің болжамдарым аса жақсы емес

Бейінді министрлік және басқа да ведомстволар заңды өздерінің ыңғайларына қарай жазады деп ойлаймын. Ал бұл есепке алу, бақылау және жазалау. Кем дегенде бүгінгі күнге дейін солай болды.

Қазақстанның демократиялық имиджі

– Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, айтпақшы, 201 бап бар, ол тергеу барысы туралы халыққа айтуға құқық қорғау органдарына тыйым салды. Енді кез-келген мәселе бойынша бізді прокуратураға жібереді. Ол жерде тергеудің құпиялылығына сілтеме жасай отырып, тіптен ештеңе айтпайды. Енді бізде сот процестері туралы айтуға да тыйым сала ма?

– Иә, сот процестерін қоғамдық бақылаудан аластату. Егер осыған дейін тергеу барысында прокурордың рұқсатымен ақпарат айтылуы мүмкін болса, енді депутаттың жалған ұсынысы іске асса, онда қандай да бір ақпарат айтуға мүлде тыйым салады. Біз пресс-релиздерді ұстап қаламыз.

Менің ойымша, заңнамада мұндай өзгеріс орын алатын болса, сот жүйесіне қатысты жағымсыз пікірлер қазіргіден әлдеқайда көп болады

Бұл сот жүйесінің имиджін мүлде күшейтпейді, тек төмендетеді. Жалпы Қазақстанның демократиялық беделі туралы айтпағанда.

— Сонымен қатар, журналистерге көбінесе өздерінің жарияланымдарымен сотқа қысым көрсетіп, сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтіретінін екі ұшты оймен меңзеп жатады. 

– Бұл жариялылықтың қарсыластарының көптен келе жатқан дәлелдері. Әр жолы оларға сауатты адамдар жауап береді, заң бойынша судьялар сот төрелігін жүзеге асыруда тәуелсіз және тек заңға бағынады.

Өз жұмысын жарияланымдарға немесе қандай да бір қоғамдық пікірге сүйеніп шығарған судья ең нашар судья

Дегенмен, екі-үш жылдан бері бұл мәселе қайта-қайта көтерілуде. Процестер туралы, судьялар туралы жазуға болмайды — мұның барлығы қулардың аргументі. Тыныштық пердесінің артында заңсыз істер жасағысы келетіндердің.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз