Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері жел ұйытқып, ауа-райы температурасы күрт төмендейді.
Қазақстанның жеті облысы мен Астанада үсік жүруіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды “Қазгидромет” қызметі.
25-мамырда түнде Ақтөбе облысында, 25-26-мамырда Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 26-27-мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде үсік жүреді деп күтіледі. Сынап бағанасы 3 градусқа дейін төмендейді.
Астанада 25-26 мамыр күндері түнде үсік болады. Ауа-райы 1-3 градусқа дейін суытады деп күтіледі.