Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Соңғы 50 жылда АҚШ-та болған ең бұқаралық 5 бүлік

301

Бұл АҚШ-та өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері қарай болған ең ауқымды бүлік. Осы уақыт бойы олар шынымен де аз болған жоқ, бүлікке шыққандар ғимараттарды өртеп, ұрлық жасалды, зорлық-зомбылық көрсетілді.

365info порталы ең ауқымды және резонансты бес тәртіпсіздік туралы ақпарат жинады.

Лос-Анджелестегі күрес

1992 жылдың сәуір  айының соңында Лос-Анджелесте тәртіпсіздіктер басталды, оны кейіннен «ел тарихындағы ең жойқын бүлік» деп атады. Алайда ол сол уақытта  шынымен де ең жойқын болып көрінген.

Барлығы 3 наурызда басталды. Сол кезде төрт полиция қызметкері қара нәсілді Родни Кингті ұстады. Бұрын сотталған Кинг жылдамдықты арттырып, тәртіп сақшыларынан қашып кетуге тырысады. Қашқынды ұстап алған полиция қызметкерлері оны аямай соққының астына алады. Алайда

сот олардың әрекеттерін заңға қайшы келмейді деп мақұлдады, бұл қара нәсілділердің наразылығын тудырды

Наразылық білдірушілер 27 сәуір күні көшеге шықты. Әдеттегідей оларға бұзақылар  қосылды. Тәртіпсіздіктер, ұрып-соғу басталып, бүкіл қаланы жайлады.

 

30 сәуірде билік коменданттық сағат жарияланды, ал Лос-Анджелеске ұлттық гвардияға кірді.

Жалпы алғанда, он мыңға жуық сарбаз енгізілген,

оның құрамында  гвардияшылар ғана емес, әскери және жүздеген теңіз жаяу әскерлері де бар.

Текетірес 4 мамырға дейін созылып, біртіндеп бәсеңдей бастады.  Полиция қызметкерлерінің ісін қайта қарап, оларды соттағанға дейін жалғасты.

Кингтің өзі өтемақы ретінде 4 млн доллар алды

Бірнеше жылдан кейін ол мас күйінде және есірткінің әсерімен өз бассейніне батып, қайтыс болды.

Тәртіпсіздік кезінде 5 мыңнан астам ғимарат жанып кетті,  60-ға жуық адам (түрлі көздер бойынша) қаза тапты, 2 мың адам жараланды және  тұтқындалғандардың саны 12 мыңға жетті.

30 мамыр күні Сан-Францискода тағы бір бүлік басталды, бірақ көлемі мен салдары жағынан әлдеқайда шағын болды.

Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін оқ атты

2001 жылдың көктемінде Цинциннати қаласында осыған ұқсас оқиға болды. 7 сәуір күні полицейлер 19 жасар Тимоти Томас тұтқындауға тырысты.

Қауіпсіздік белдігін тақпай жүру секілді бірнеше ұсақ ереже бұзушылығы үшін айыпталды

Жас жігіт қашуға тырысты, сол кезде полицейлердің бірі оны атып тастады.

Орын алған оқиғадан кейін үшінші күні тәртіпсіздік басталды. Полиция жас ағызатын газ бен пластикалық оқ қолданды, бірақ бұдан аса үлкен нәтиже болмады. Бүлік шығарушылар да бірнеше рет оқ атып жауап қатты.  Бүлікшілер жергілікті нарықты өртеп, дүкендерді тонап кетті. БАҚ жолда кездескен ақ нәсілділерділерге жәбір көрсетуге тырысқандар туралы жазды. Алайда акцияларға қара нәсілділер ғана емес,  ақтар да қатысты.

12 сәуір күні билік төтенше жағдай жариялады, комендаттық сағат енгізіп, қосымша күштерді пайдаланды. Тек осыдан кейін ғана тәртіпсіздіктерді тоқтату мүмкін болды.

Бірнеше күннің ішінде 60-қа жуық адам жарақат алып, сонша адам тұтқынға алынды.

Бассыздық жасаған полицейге қарсы бүлік

2014 жылдың 9 тамызында  Сент-Луис маңындағы Фергюсонда полиция офицері Даррен Уилсон 18 жасар афроамерикандық Майкл Браундқа қарсы алты рет оқ  атып өлтірді. Куәгерлердің айтуынша, Браунның қаруы болмаған, тіпті қолын жоғары көтерген. Алайда, басқа полиция қызметкерлері ол Уилсонның тапаншасын тартып алуға тырысты деп мәлімдеді.

Кейіннен басталған манифестация «басынған полицияға қарсы» кезекті  бүлікке айналып кетті. Тәртіпсіздік бір аптадан астам уақытқа созылды.  Нәтижесінде билік  төтенше жағдай мен коменданттық сағат жариялады, бірақ көмегі шамалы болды.

14 тамызда Барак Обама ФБР-ға Браунның өлімін тергеуге атсалысуды тапсырды, қалаға кемінде 40 агент келді. Ұлттық гвардия бөлімшелері де енгізілді.

 

18 тамыз күні тағы да тәртіпсіздіктер басталып кетті, оған қатысушылар полицейлерге «Молотов коктейлін» лақтырды, оқ ақтты. Сол уақытта кейбір ұрылар дүкендер мен пәтерлерді тонап үлгерді.

Лос-Анджелес, Сан-Диего, Сиэтл, тіпті Вашингтонда да акцияны қолдаушылар, өз қалаларында наразылық шеруіне шықты.

Тергеу ісі тапаншаның болғанын растады

Тамыз айының екінші жартысында жағдай біршама тұрақталды және Ұлттық гвардияшылар тұрақты орындарына көшірді. Бірақ акция күзде қайтадан басталды, бірақ көлемі әлдеқайда шағын.

бірнеше ай бойы жүргізілген тыңдалымнан кейін, 25 қарашада алқабилер полицей Уилсонның кінәсін мойындады

Фергюсонда тағы да тәртіпсіздік, тонау және ату басталды. Бірінші түні 23 үйді өртеді. Бір мезгілде 120 қалада, соның ішінде Вашингтонда және Нью-Йоркте «салыстырмалы бейбіт» наразылық акциялары өтті.

30 Қарашада Уилсон полициядан жұмыстан кеткені белгілі болды. 2015 жылдың 4 наурызында оған қарсы іс түпкілікті жабылды. Тергеушілер қаза болған адам қолын көтергенін «дәлелдейтін ақпарат таппады», алайда оның  полиция қызметкерінің  тапаншасын тартып алуға әрекет еткенін мойындады.

Алайда

жергілікті полиция мен тіпті муниципалдық соттарда «нәсілшілдік көріністері» бар екенін растады

2015 жылдың 9 тамызында Майкл Браун қазасынан кейін бір жыл өтуіне орай естелік шара өтті.

2014 жылдың тамыз айынан бастап АҚШ -та Майкл Браунға арналған 250-ден астам демонстрация болды.

20 желтоқсанда афроамерикандық Исмаил Бринсли Эрик Гарднер (2014 Нью-Йоркте полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапты) мен Майкл Браунның өлімі үшін кек аламын деп, Бруклиндегі екі полицейді атып тастады.

Балтимордан Шарлоттаға дейін

25 сәуірде Балтиморда кезекті бунт шықты. Бұл жолы 26 жасар Фредди Грейдің өлімі себеп болды. Ол да қара нәсілділерден еді. Жас жігітті полиция қызметкерлері ұстады, көптеген ауыр жарақат алған ол біраз уақыт өткеннен кейін ол ауруханада  көз жұмды.

Алдымен наразылық білдірушілер қала көшелерінде маршпен өтті,  кейін марш полициямен қатығысқа ұласты. Полиция қызметкерлері 34 адамды қамауға алды.

27 сәуірде Грейді жерлегеннен кейін де қақтығыс жалғасын тауып, 15 тәртіп сақшысы жараланды. Түнде наразылық білдірушілер 144 автокөлік пен 19 ғимаратты өртеп, полиция 200-ден астам адамды тұтқындады.

28 сәуірде көшелерге Ұлттық гвардия өкілдері енгізіліп,  әскери техника шығарылды. Коменданттық сағат жұмыс істей бастады.

Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия және Сиэтл қалаларында да  манифестациялар өтеді.

Тәртіпсіздік мамыр айының басында жойылды. 3 мамырда коменданттық сағат жойылды, 4 мамырда Ұлттық гвардия бөлімшелері шығарылды

2016 жылы 20 қыркүйекте полиция қызметкері 43 жасар Кейт Ламонт Скоттты атқаннан кейін Шарлотт қаласында толқулар болды. Ол өз автокөлігінен қолына қару ұстап шықты, содан кейін айтадан көлікке отырып, екінші рет тапанша ұстап шықты. Офицер оған қарсы оқ атып, құлатты.

Оның қолында ешқандай қару болған жоқ деп мәлімдеген қаза болған адамның туыстары отқа май құйғандай болды. Бірақ кейіннен оның тапаншасы болғаны анықталды.

Бүлік барысында 12 полиция қызметкері түрлі жарақат алды. Тәртіпсіздікті қалыпты сценариймен, комендаттық сағат, ұлттық гвардия, көзді жасаурататын газбен басты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз