Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Сондай өзі…”. Жәнібек Кәрменовтің ұлы Замираны “сатып” кетті

278

Замирадан үлгі алыңдар деп жатқан жоқпыз ғой…

… Неге Замира деп шулап жатады? Бұл жерде көп адамдар: “Біздің балаларымыз осылардан тәрбие алып отыр ғой” деп айтады.

Балаларының тәрбиесін телевидениеге тапсырған ата-ана – жаман ата-ана. Тәрбиемен ата-ана айналысу керек. Біз Замираны көрсеттік пе, көрсеттік. Халық шошыды ма? Шошыды. Бұл да бір тәрбиелік құрал.

https://kaz.365info.kz/yyat-ta-bolsa-video-khojyp-otyrmyn-belgili-zhurnalist-kyjinip-ketti-18-299420

Мен Замира сияқты бол деп отырған жоқпын ғой. “Замираны көрдің, мынандай-мынандай затты жасасаң, мынандай нәтижеге келесің. Қазір Замира елге қандай жек көрінішті болып, жаман пікірлер жазып жатыр.

Сен Замира сияқты болсаң, саған да жазады. Замира сияқты болсаң, өзгер” деген нәрсені айтқымыз келеді.

Мен не, ағылшын дәстүрін қалыптастырып жатырмын ба?

 Иә, мен Жәнібек Кәрменовтың ұлымын. Иә, менің әкем дәстүрлі өнердің дамуына үлкен үлес қосқан азамат. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Жүрегі қазақ деп соққан азамат. Мен де , құдайға шүкір, бүгінгі таңға дейін қазаққа қарсы дүниені жасап жүрген азамат ретінде өзімді қарастырмаймын. Әкем қолынан келгенін жасады, әншілігі болды, дарыны болды, қазақи дәстүрді қалыптастыруға тырысты.

Ал енді мен не ағылшын дәстүрін қалыптастып жатырмын ба? Мен де қазақ отбасыларының саны көбеюі үшін жұмыс істеп жатырмын. Мен де журналистік жолымды таңдадым. Әкем әншілік жолын таңдағаны сияқты.

https://kaz.365info.kz/azhyraskhan-eken-khalaulym-khazakh-khyzyn-orys-zhigitine-khosyp-berdi-300514

Осы журналистік жолда бұрын соңды реалити шоу деген ұғым болмаған кезде, қазақ телевизиясына осы ұғымды алып келген топтың ішіндемін, бұның несі айып? Бұл да даму ғой.

“Қалаулымды” орыстар да көреді

Әкемізден дарыған ортаңқол дауысымыз бар. Көп эстрада әншілерінен және кейбір дәстүрлі әншілерден артық айтатын даусым бар. Бірақ әкемдікіндей дауыс жоқ. Мамандықты таңдаған кезде музыка саласын таңда деген ұсыныс келмеді дейсіз бе? Келді, әрине. Ниетім болған жоқ.

Ортаңқол әнші болып, Кәрменов атына кір келтіргім келмеді. Әкемнің атағын жамылып, атақты болғым келмеді. Әр адам өз қолынан келгенін істеуі керек.

Көп адамдар “Қалаулым” жабылсын” дейді. Жабылса, біздің қоғамдағы мәселелердің бәрі сомен шешіле ме? Біздің қоғамда бар, шешуді талап етіп тұрған сұрақтар өз жауабын таба ма?

https://kaz.365info.kz/khalaulym-bagdarlamasynyn-otirigi-shykhty-asha-mataj-endi-ne-ister-eken-video-287627

Сонда “Қалаулым” жабылғаннан не ұтады? Ал “Қалаулым” бар болғаннан ұтатын тұстар көп.

Мен қазақ тілін білмесе де күнде 12-ден 3-ке дейін “Қалаулымды” қосып отыратын басқа ұлт азаматтарын да білемін. Жақсы көреді, бізге хат жазады орысша. Бірақ көреді. Біз қашан өзге тілді азаматтарды қазақ бағдарламасын көру үшін экран алдына отырғызып қойып едік? Бұл да бір менің кішкентай жетістігім деп ойлаймын.

 

Дәстүрге қайшы деп қазақ қыздарын да оқытпайық онда…

“Қазақ дәстүріне нұқсан келтіріп жатсыңдар, өйткені қазақта бұрын қыз жігітке өз сезімін білдірмеген” дейді. Жалпы “Қалаулымға” ұқсас ұғымдар болған қазақта. Жеңгелер қайынінілерін қыздармен таныстырған. Неге қазақ жеңгелерге соншама ән арнаған? Өйткені ол да бір танысу жолы болған. Иә, келісемін, қыздардың өз сезімдерін жігіттерге білдіру дәстүрі болмаған. Бірақ, көлік айдау да, радио тыңдау да қазақ дәстүрінде жоқ еді.

https://kaz.365info.kz/khosh-bol-zamira-khalaulym-zhabylyp-zhatyr-foto-304593

Жалпы телевизор қосу да қазақтың дәстүрінде жоқ еді. Тіпті, кітап оқу да қазақтың дәстүрінде жоқ еді. Өйткені, Совет Одағы келіп жалпы халықтың сауатын ашты. Бұрын кітап оқу дәрежесіне ауқатты адамдар ғана жеткен. Бұндай дәстүр болмаған. Қазір 21-ғасыр.

Бұрын қазақ қыздарының оқу оқып, жұмыс істеу дәстүрі де болмаған. Қашан қазақтың қызы магистратураны оқыпты дәстүр бойынша? Бірақ қазіргі даму заманында әйелдер елдің дамуына үлкен үлес қосып жатыр.

Оқуын оқып, магистратурасын бітіріп келген қыз отбасын құрарда жігітпен қай жерде танысады? Түнгі клубта ма? Сондықтан дәстүрге сай болмаса да осындай жолды ұсынуға мәжбүрміз. Сосын “Қалаулым” жобасы тек таныстырып қоймайды, отбасын құрғаннан кейінгі мәселелерге де дайындайды.

https://kaz.365info.kz/khalaulymda-neniz-bar-eks-senator-shala-bylinip-zhatyr-304734

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз