Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Сонда қалай?”. Министр оралмандарға зейнетақының қалай төленетінін түсіндірді

Бұл ретте, Дүйсенова атап өткендей, келісім қолданыста болған кезде тағайындалған зейнетақыны төлеу құжат күшін жойса да жалғасады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Моңғолиядан Қазақстанға тұрақты тұруға келген адамдарға ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін Моңғолияда жинақталған еңбек өтілі есептелмейді. Қазақстанда еңбек өтілі болмаса, зейнеткерлік жасқа жеткенде оларға мемлекеттік базалық зейнетақы төленеді. Егер олар Қазақстанда 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жұмыс істеп, жарна аударып отырған болса, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдерін алуға құқылы.

“Сонымен қатар, мемлекет басшысының қатысуымен 2017 жылғы 23 маусымда өткен V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы хаттамасының 7- тармағын және премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңес хаттамасын іске асыру мақсатында қазіргі уақытта министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен (СІМ, Қаржы министрлігі, ҰЭМ, Әділет министрлігі) бірлесіп, Моңғолиямен екі жақты негізде зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндігі туралы мәселені пысықтауда. Осыған байланысты жұмыс тобы пропорционалдық қағидат шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандыру үшін Моңғолияның нормативтік құқықтық актілерін, екі елдің миграциялық ағындарын зерделеуде”, — дейді Дүйсенова.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін пропорционалдық қағидат бойынша Қазақстан елде жинақталған еңбек өтілі үшін ғана зейнетақы төлейді. Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемі республикалық бюджеттен, ал 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесінен жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, Моңғолия аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақы Моңғолия заңнамасына сәйкес төленеді.

Яғни, әрбір мемлекет өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақыны ұлттық заңнамада көзделген шарттар мен мөлшерде төлейді. Демек, азамат өзінің еңбегі үшін зейнетақыны басқа елде тұрақты тұрып жатса да алуы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз