Нұр-Сұлтан
Қазір
-20
Ертең
-25
USD
515
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.17
0.00

“Сонда 5 млрд қайда кетті?..”. Ерденаев ісінен тағы шу шықты

Алайда бұл ақпаратты «AsiaCredit Bank» АҚ түбегейлі жоққа шығарып бағуда.

„Кенжебаевпен және «Бұзыл Аурум» ЖШС-пен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас барысында біздің банк заңның және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес әрекет етті. Ол ақшаның БЖЗҚ қаражаты екені, оның жымқырылғаны туралы көрсетілген деректер дәйексіз және дәлелсіз, себебі біздің банк Кенжебаевқа қызмет көрсету кезінде оның БЖЗҚ-мен ешқандай қарым-қатынасы болмаған.

https://kaz.365info.kz/tagy-da-shu-zejnetakhy-khory-kharzhy-khyjgan-shetel-kompaniyalary-shetinen-zhabylyp-zhatyr-277824

Бұдан өзге, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде AsiaCredit Banкке ешбір айып тағылмаған, қазіргі уақытта Банктің кінәсы не оның БЖЗҚ ақшасының жоғалуына қатысы дәлелденген қандай да бір күшіне енген сот шешімі жоқ. Осыны негізге ала отырып, «AsiaCredit Bank» үшінші тұлғалардың заңсыз, қылмыстық іс-әрекеттеріне қатысы жоқ, адал қаржы ұйымы болып табылатынын хабарлаймыз.

Банк өзінің іскерлік беделін қорғау үшін сот немесе өзге инстанцияларға жүгіну құқығын өзіне қалдыратынын атап айтқымыз келеді„ делінеді «AsiaCredit Bank» АҚ-тың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонда деймін-ау, зейнетақы қорынан ұрланған ақша әлі табылмаған ба? Шотта жатыр, жұмсалмапты, бұғаттадық дегендері қайда?..

Ендеше өстіп ақпарат таратқан өз сөзіне жауап берсін! Соның ішінде, ең алдымен ҚР Ұлттық банкі. Көп ұзамай бұл сауалымызға жауап аламыз деп ойлаймыз.

Әзірбайжан банкіндегі зейнетақы ақшасы қашан қолымызға тиеді?

Ал банкроттығын жариялаған Әзірбайжан банкіне салынған 71 млрд теңгенің тағдыры да жетісіп тұрған жоқ.

Ол ақшаны көрсек, 15 жылдан соң көріп қалатын сияқтымыз.

Бұл туралы Мәжілісте Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

https://kaz.365info.kz/ajtkhanymyz-ajdaj-keldi-akhyshev-azirbajzhan-bankine-akhshany-kim-investitsiyalaganyn-ajta-saldy-263560

«Біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие берушілердің басым көпшілігі қолдамағанда, ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді.

Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзербайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Қорытындысында, 3,5 пайыздық мөлшерлемемен 250 млн АҚШ долларының қайтарылу мерзімі 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып саналады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанның бірыңғай зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар инвестиция салған Әзербайжанның Халықаралық банкі банкротқа ұшырағаны туралы сотқа өтініш берген. Қаржылық проблема Әзербайжанның ұлттық валютасының құнсыздануы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан туындаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз