Су тасқыны болған Петропавл қаласының Былғары зауыты кентінде егде жастағы екі әже эвакуацияланды. Анасы мен қызы болып келетін әжелердің бірінің жасы 98-де болса, тағы бірі – 72 жаста.
Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Есіл өзенінің ағын су басқан Былғары зауыты кентінің тұрғындарына оңайға соқпады. 2017 жылғы 25 сәуірде су басқан тұрғын үйлерден 380 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың 160-ы өздігінен эвакуацияланса, қалғандарын облыстық құтқару жасақтары бөлімшелерінің күштерімен эвакуацияланылды.
«Баспалдақ алаңының бірінші сатылары суда болғанда біз уайымдай бастадық, өйткені анамның гүлшоғындай аурулары көп, сондықтан оны қалай және немен шығаратынымызды ойладық»,- дейді қызы Нина Игнатьевна. Алайда бәрі сәтті болды – жақында ғана Алматыдан келген ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дәл «Жедел жәрдемге» дейін абайлап шығарды, кейін ол кенттің эвакуациялық пунктіне жеткізілді.
«Жігіттер, сендерге үлкен рахмет, бәрі сәтті өтті, Сіздерге және жақындарыңызға деңсаулық тілеймін», – деп құтқару бөлмшенің басшысы Бауыржан Арыстанбеков пен құтқарушы Андрей Вовчокке алғыс білдірді.
Сонымен қатар алғыс мұндай жоспарланбаған саяхатта жанды қолдау көрсеткен, СҚО ТЖ департаментінің психологі Евгения Трефиловаға да айтылды.
Осы күні ҚР ІІМ ТЖ комитетінің өзге бөлімшесі – Орталық аймақтық аэромобильді құтқару жасағының құтқарушылары Қызылжар ауданы Прибрежное ауылының тұрғындарына көмекке келді. Бір күнде олар 89 адамды, олардың ішінен 11 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады, су апатынан елді мекенді қорғайтын бөгетті күшейту бойынша жұмыстар жасады.