КХДР таяу күндері болатын жаңа ядролық сынақты өткізудің соңғы кезеңінде, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған Қазақпарат.
«Сынақ осы айдың аяғында өткізілуі мүмкін», – деп хабарлайды аталмыш өңірдегі соңғы жаңалықтардан хабардар америкалық шенеунікке сілтеме жасаған Fox News .
Пхеньян 2006 жылдан бері бес ядролық сынақ өткізіп, зымыран ұшырған.
Сондай-ақ, солтүстіккорея басшылығы халықаралық қоғамдастықтар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық және зымыран сынақтарын өткізуді тоқтатудан бас тартқан.
Олар Оңтүстік Кореяда 28 мың әскери қызметшілерінің бар екендігін алға тартып, мерзімді түрде стратегиялық қаруларды дайындыққа шығарып, КХДР-мен бейбіт келіссөздер жүргізуден бас тартқан.