Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Солтүстік Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа нысан бой көтерді

Жаңа нысан 500-ден аса тұрғынға алғашқы жедел көмек көрсете алады. Бекет тәулігіне 20-ға жуық тұрғынды қабылдап, медициналық көмек көрсетуге қауқарлы.

Айта кетелік, нысанды тұрғызуға бас-аяғы 15 миллион теңге жұмсалған.

Өз ауылдарында заманауи негіздегі жаңа медициналық нысанның пайда болғанына Ильичевка ауылының тұрғындары дән риза. Бұдан былай – ауыл халқының денсаулық жағдайы ендігі жерде білікті мамандардың бақылауында болады.

Қазіргі заманның талабына сай ашылған медициналық мекеменің пайда болғанына қуанғандардың бірі ауыл тұрғыны Сейітхан Әтішев. Ақсақал ұзақ жылдар бойы қан қысымы мазалағандықтан, ақ халаттылардың көмегіне жиі жүгінеді. Бұрын ем-дом қабылдау үшін алыстағы аудан орталығына сабылатын болған. Енді алғашқы көмек осында көрсетіледі.

Шынымен де, бұрындары қандай еді? Әудем жердегі Тайынша аудынан сабылатын едік. Жол алыс. Шаршап – шалдығып әзер жететінбіз. Тіпті кей кездері көлік таба алмай қиналатын едік. Құдай шүкір, енді өз медициналық мекемеміз бар. Орын жылы, жатып емделеміз. Келіп уақытында уколымызды аламыз. Ауыра қалсақ, жақын жер келіп қаралып кетеміз, – дейді ақсақал.

Айта кетсек, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған медициналық бекет қазан айында жергілікті тұрғындардың игілігіне берілді.

Бекетті «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау көрсеткен жеке кәсіпкер өз қаражатына тұрғызған екен. Жобаның жалпы құны 15 миллион теңгеден асып жығылған.

Медициналық нысанның ашылғанына дәрігерлер де қуанышты. Бұл бір жағынан тұрақты жұмыс әрі тұрақты орын.

Бұдан былай Ильичёвка ауылының тұрғындарын емдейтін Алтын Кәрімжанованың айтуынша аудан орталығынан ауылға жету машақат болатын.

«Осы жерде 11 жыл бойы істеп келемін. Шынымен көп қиыншылық көрдік. Суық жерде отырдық. Көп кісілерге үйге барып укол істейтін едік. Көзіміз ашылды. Жаңа нысанымыз бар енді. Медициналық жабдықтардың барлығы жаңа”, – дейді дәрігер.

Соңғы кездері өңірде кәсіпкерлерді бастамашы болуымен бүгінгі таңда облыста әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар көптеп бой көтеріп жатыр.

Айталық тек «Рахани жаңғыру» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан өңірінде 2017 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 184 миллион теңгеден асып жығылатын жаңа 5 жоба жүзеге аспақ. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз