Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті еріген қар суының жиналу қаупі бар екенін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, 3-4 сәуір күндері күн жылы болуына байланысты өңірде қар жамылғысы еріп, өзен суының шабындықтарға жайылу қаупі бар.
Еске сала кетейік, 20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайларға жоғары дайындық режиміне көшкен. Әсіресе Шал ақын ауданындағы Кіші Таранғұл көлінен қауіп болуы мүмкін екендігі ескертіліп, көлдегі су деңгейін түсіру үшін су жіберілетін арна қалпына келтірілген.