Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы анықталды: экспортқа шектеу енгізілді

212

Ұлттық референттік орталықтың қорытындысына сәйкес, ол жоғары патогенді құс тұмауымен (ВПГП) байланысты. Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына аурудың өршігені туралы ақпар келіп түсті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 17 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын және Ғ. Мүсірепов, М. Жұмабаев атындағы аудандардан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды тасуға уақытша шектеулер енгізді, —

делінген хабарламада. —

Аса қауіпті ауруды жою үшін Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ және Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясы қазіргі уақытта міндетті іс-шаралар кешенін, оның ішінде құстардың өлексесін жоюды, үй-жайлар мен аула аумақтарын дезинфекциялауда.

Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 873 мың доза отандық препарат бөлінді. Арнайы комиссияның шешімімен

ҚР АШМ ВБҚК Республикалық эпизоотияға қарсы отряды өлген құстардың иелеріне жануарлардың орташа айлық нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төлейді

Өңірдің эпизоотиялық жағдайы министрліктің бақылауында».

26 тамызда Ресейдің Омбы облысында құс тұмауының өршуіне байланысты сол жерден тірі құстарды, құс өнімдерін және ілеспе тауарларды импорттауға шектеу енгізілді. Алайда құс тұмауын қоныс аударатын құстар да тасымалдай алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз