Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 9 қазан күні аймақта оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын қатты жел соғып, күндіз жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. 9 қазанда Петропавлда оңтүстік-батыстан 20 м/сек жылдамдықпен жел соғып, күндіз жел қарқыны 25 м/сек дейін жетеді.
«Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайдың алдын алу үшін шара қолдануды ұсынады», – делінген ведомствоның хабарламасында.