Солтүстік Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсететін Азаматтық орталық өз қызметін жалғастырып келе жатқанына екі жылдың жүзі болды. Жобаны ҰАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Жастар Салауатты өмір салты үшін» АҚҰ-ы жүзеге асырады. Орталық қызметі 3 жылға, яғни 2019 жылдан 2021 жылдың қараша айына дейін жалғасады.
Осы жылы СҚО ҮЕҰ Азаматтық орталығының жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
– коммерциялық емес ұйымдарды қолдау жүйесін жетілдіруге, азаматтық секторға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша тараптардың күш-жігерін біріктіру;
– ҮЕҰ деректер қорына ақпаратты ұсынуға көмектескен ҮЕҰ санының көбеюі;
– белсенді емес ҮЕҰ-мен жұмыс;
– ҮЕҰ-дың таратылуына ықпал еткен ҮЕҰ санының өсуі;
– ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын бизнесті қаржыландырумен қоса, аймақтағы ҮЕҰ-ға тартылған қаражат көлемін ұлғайтуға жәрдемдесу, сонымен қатар, ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын бизнеспен қаржыландыру;
– аймақтардағы әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік бастамаларды жинақтау;
– жергілікті атқарушы органмен келісе отырып, аймақтағы әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік бастамалар қажеттіліктерінің Картасын құру;
– әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту;
– жұмысты ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша уәкілетті органдармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестерді басшылыққа ала отырып ұйымдастыру;
Азаматтық орталықтың жұмысы елдегі төтенше жағдай мен карантин кезінде тоқтаған жоқ, Орталықтың барлық қызметтері, мүмкіндігінше WhatsApp мессенджері мен электронды пошта арқылы онлайн режимде жүзеге асырылды.
Өңірдегі ҮЕҰ-дың жұмыс тиімділігін арттыру үшін Азаматтық орталық сарапшылардың қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырады, сонымен қатар, әлеуметтік идеялар мен жобаларды, оқу бағдарламалары мен тағылымдамаларды және т.б. қолдау мақсатында ашық бағдарламалар мен конкурстарға әлеуметтік қызметтер нарығын шолудың нәтижелері бойынша жүйелі түрде хабарламалар таратуды жүзеге асырып отырады.
Іс-шаралар туралы хабарландырулар алдын-ала ұйымның Facebook, Instagram (@molodezh_za_zoj) әлеуметтік желілерінде жарияланады, осылайша барлық қатысушылар СҚО ҮЕҰ Азаматтық орталығы қызметкерлерінен кеңес алуға немесе тренингке қатысуға мүмкіндік алады.
Біздің мекенжайымыз:
СҚО, Петропавловск қ-сы, Н.Назарбаев көшесі, 158, офис
Тел. 8-7152 -70-09-31, 8777 795 52 83 (WhatsApp)
Электронды пошта: nposko@inbox.ru