Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Солтүстік Қазақстан облысында ашылған Азаматтық орталық ҮЕҰ-ға қандай қызметтер ұсына алады?

169

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында 2019 жылдың тамызынан бастап үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға арналған Азаматтық орталық өз қызметін бастады. Орталықтың қызметі 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жылға есептелген.

Жоба бойынша қызмет ҮЕҰ-ға, азаматтық белсенділерге, азаматтық қоғам институттарына және СҚО азаматтық секторын дамыту саласында осы ұйымдармен/тұлғалармен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Қолдау шаралары ҮЕҰ институционалдық және ұйымдық әлеуетін дамыту мәселелері бойынша консультациялық, оқыту, әдістемелік және ақпараттық қызметтер — ҮЕҰ құру және басқару, ҮЕҰ тұрақтылығын арттырудың түрлі аспектілері, соның ішінде:

– стратегиялық жоспарлау,
– жобаларды басқару,
– қаржы басқару,
– дербес басқару,
– қызметтер портфелін дамыту,
– өңірде өзін таныстыру және т. б қызметтерге бағытталған.

Оқыту бағдарламасы Петропавл қаласында және СҚО-да азаматтық қоғамды дамыту саласындағы 4 сарапшыны тарта отырып, бір күндік семинар-тренингтен тұрады.

СҚО ҮЕҰ РО қызметінің бағыттары:
– ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылы, қызметі және қаржыландыру мәселелері бойынша ақпаратты жүйелі және тұрақты түрде тарату;
– СҚО ҮЕҰ акциялары мен іс-шаралары үшін ақпараттық қолдау және PR-кеңес беруді қамтамасыз ету, ҮЕҰ құру және қызметі мәселелері бойынша, оның ішінде ҮЕҰ Деректер қоры, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік гранттар мен сыйлықтар, Қоғамдық кеңестер, “Атамекен” кіші бағдарламасы және ҮЕҰ үшін басқа да мүмкіндіктер мәселелері бойынша кеңес беру;
– СҚО ҮЕҰ азаматтық орталығының ресми аккаунттарында ақпараттық материалдарды жариялау (аналитикалық мақалалар, зерттеулер, есептер, мониторингтер, жобалар және т. б.);
– СҚО ҮЕҰ Деректер базасын құру және бақылау;
– ҮЕҰ қызметі туралы ақпаратты БАҚ-та, мемлекеттік, бизнес құрылымдарда, халықаралық ұйымдарда қазақ және орыс тілдерінде электронды таратуды қамтамасыз ету;
– ҮЕҰ ұйымдық және институционалдық дамыту мәселелері бойынша оқыту: жобаларды жазу, Стратегиялық жоспарлау, ұйымдастыру менеджменті, фандрайзинг, Ақпараттық технологиялар және басқа да тақырыптар бойынша;
– СҚО-да жаңа облыстық/аудандық қоғамдық ұйымдарды құруға ықпал ету;
– мемлекеттік құрылымдармен, бизнеспен, БАҚ, халықаралық ұйымдармен, ҮЕҰ-мен әріптестік тетіктерін жетілдіру;
– азаматтық даму саласында әлеуметтік жобаларды іске асыру;
– Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік грантты қоса алғанда, әлеуметтік-маңызды жобаларды бақылау және бағалау.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз