Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Солтүстік ағын-2» саяси ойындардағы ұсақ картаға айналды

411

Германия канцлері Ангела Меркель АҚШ-тың қосымша экстерриториялық санкциялар енгізу қаупі туындаса да жобаның тоқтатылмайтынын ашық айтты.

ГФР-дің ресми басшылығы газ құбыры жобасы аяқталуы керек деп бірауыздан мәлімдеді. Австрия мен Норвегия да осындай ұстанымды ұстанады, олар да  болашақта газ құбырын пайдаланатын бенефициарлар.

Санкцияның салдары

ИМЭП сарапшысы Лидия Пархомчиктің айтуынша, Берлин наразылық білдіріп,  Вашингтонның «Солтүстік ағын-2»-ге қарсы санкциялар пакетін кеңейтпеу туралы шешіміне әсер етуі мүмкін деп айту өте оптимистік көзқарас болар еді.

Оның себебі мынада.

Күштердің орналусының қазіргі жағдайы ЕО пен РФ үшін тиімсіз. Қолдарында қажетті құралдың болмағандықтан олар өздерін біржақты санкциялардан қорғай алмайды.

Зейнетақы жинақтарынан ақша шешіп алу — әдейі тықпалап отырған бомба

Алайда АҚШ санкциялар шектеулерін кеңейтудің бір кезеңін өткізді. Газ құбырын салатын компанияларға қатысты желтоқсанда енгізілген санкцияларға шілде айындағы шектеулер қосылды. Олар «Солтүстік ағын-2»-ге ғана емес, сонымен қатар «Түрік ағынының» бір бөлігінің құрылысын тоқтатуға бағытталған.

Жаңа санкциялық ұсыныс күшіне енуі үшін АҚШ Конгресі Сенаты мақұлдап, Президент қол қоюы керек. Бұл АҚШ әкімшілігі  белгіленген жобаларды іске асыратын және оған көмектесетін  еуропалық компаниялар мен жеке тұлғаларға «ойлануға уақыт» береді дегенді білдіреді.

Ең дұрысы

Вашингтон Газпромның барлық серіктестерінің, атап айтқанда Royal Dutch Shell, OMV, Engie, Uniper және Wintershall жобаны қаржыландырудан бас тартқанын қалайды

Сонымен бірге, Ресей тарапының күшімен салынып жатқан «Солтүстік ағын-2» құрылысын аяқтаудың болжамды мерзімдері тағы да созылғанын атап өткен жөн. Құбырды салу жұмыстарын аяқтайтын компаниялардың бірі жобадан шығарылады.

Саясаттың құрбандары

Ресей тарапы Данияның энергетикалық агенттігінен газ құбырын салу үшін динамикалық позициялау жүйесі бар кемелерді ғана емес, зәкірлі кемелерді пайдалануға рұқсат беруін күтеміз деп, біраз уақытын жоғалтты. «Фортуна» кемесі «Академик Черский» құбыр салғышына қосылмайды деген жаңалық құрылысты аяқтауда тағы бір қиындық туғызды.

АҚШ-тың ұстанымы  бойынша,  «Солтүстік ағын-2» Украина арқылы табиғи газ транзитін бұзып қана қоймай, трансатлантикалық қауіпсіздікке қауіп төндіріп,  газ жобасын геосаяси ойындардың құрбанына айналдырады. Берлиннің жағдайды шешу және диалог орнату әрекеттерінен еш пайда болмады.

ЕО елдері соңғы 160 км құбырды Ресей аяқтай алады деп сенім білдіріп отыр. Газ құбырын іске қосуда Мәскеу америкалық санкциялардың үлкен қысымына шыдауға дайын, бірақ Еуропа елдері туралы олай айта алмаймыз.

Алайда, «Солтүстік ағын-2»-ге қарсы тағы бір санкциялар енгізілсе,  Германия қарсы жауап беруге мәжбүр болады. Санкциялар күшіне енсе, Берлин АҚШ-тан сұйытылған табиғи газға айыппұл баждарын енгізе алады.

Мұндай айналым, әрине, шикізаттың нарықтық құнына әсер етеді. Табиғи газдың бағасы соңғы айларда рекордтық құлдыраудан кейін қалпына келе бастаған еді. Енді

газ нарығындағы жаңа турбуленттіліктің салдары күтпеген нәтижелерге алып келуі мүмкін

Қазақстанның газ экспортын одан әрі ұлғайту туралы жоспарын ескерсек,  энергетика саласындағы мұндай сценарий бізге аса пайдалы болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз